Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
12.01.2018

Мәжіліс депутаттары Петропавл нан-тоқаш комбинатының қызметкерлерімен Жолдауды талқылады


Астана, 12 қаңтар, Мәжіліс үйі.  Мәжіліс депутаттары – «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Петропавл нан-тоқаш комбинатының қызметкерлерімен кездесті. Мәжілісмендер Сергей Звольский, Павел Казанцев, Сергей Симонов, Мұрат Теміржанов және Петр Шарапаев кәсіпорынның жұмысымен танысып, ұжыммен ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауын талқылады.

Бүгінгі таңда Петропавл нан-тоқаш комбинаты – ұнды қайта өңдеу бойынша ірі кәсіпорындардың бірі. Комбинат өнімдері бүкіл өңірде және Қазақстанның жақын облыстарында үлкен сұранысқа ие.

Кәсіпорын басшысы Ерлан Қайшыбеков Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында қойылған міндеттерді жұмыс барысында басшылыққа алатынын айтты. Сондай-ақ, кәсіпорын басшысы «біздің өңірімізде өнеркәсіптің негізгі үлесі сүт және астық өңдейтін сала. Атап айтқанда, үш сортты ұн, ұнтақталған бидай, кебек шығарумен айналысамыз. Тәулігіне шамамен 55 тонна болады. Жылына – шамамен 16 мың тоннаны құрайды. Шикізат жергілікті. Өткен жылы өнім шығару көлемі 670 миллион теңге сомадан асып түсті. Штат үлкен, 88 адам еңбек етуде. Алдағы уақыттағы біздің негізгі міндетіміз – өндіріс көлемін арттырып, экспорт көлемін ұлғайту» - дейді. 

Мәжіліс депутаттары кәсіпорынның қызметіне жоғары баға беріп, Петропавл нан-тоқаш комбинаты отандық тамақ өнеркәсібін дамытуға салмақты үлес қосып жатқанын және «Қазақстанда жасалған» брендті қолдау мен өндірісте жаңа технологияларды қолданудың маңыздылығын атап өтті.

-Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Сергей Звольский Жолдауда Мемлекет басшысы, бірінші кезекте, индустрияны дамыту, ресурстық әлеуетті ұлғайту, әлемдік нарықта отандық өнімді таныту мәселелеріне ерекше назар аударғанын, Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарды өсіруге, астық өндіруді жақсы игергеніне тоқталды.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-05, сурет пен ақпаратты «Нұр Отан» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы ұсынған).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі