Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
12.01.2018

Халық қалаулылары Достық үйінде


Астана, 12 қаңтар, Мәжіліс үйі. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары А. Мурадов пен Н.Жұмаділдаева Ақтау қаласындағы Достық Үйіне барды.

Кездесу этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың, қала тұрғындарының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті. Әңгіме барысында Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы  талқыланды.

Жолдауды Парламент депутаттарымен қатар облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, «Шалом» этно мәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Израильевич Кержбаум мен «Чосон» корей этно мәдени бірлестігінің төрайымы Раиса Маденова да қолдау білдірді. Кездесу барысында жиынға қатысушылар Достық үйінің жанындағы мұражайды аралап, қызметкерлерімен сұхбаттасты.

Талқылау соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттарына азаматтар өз арыз шағымдарымен келіп, тұшымды жауап алды.

 

 (Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметінің қолдауымен ҚХА облыстық хатшылығы таратты).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі