Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
15.01.2018

Қазақстан-Финляндия: депутаттық топтың кездесуі


Астана, 15 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжілісте Финляндия Республикасы Парламентінің депутаты – Финляндия – Орталық Азия достық тобының тең төрағасы В. Скиннари бастаған делегация өкілдерінің кездесуі өтті.

Әңгіме екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай өрбіп, тараптар Финляндия Қазақстанды маңызды стратегиялық әріптес ретінде қарастыратынын жеткізді.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтып, парламентаралық ынтымақтастықты талқылады.

Отырыста ерекше назар ЭКСПО-2017 көрмесіне, инновацияға, жаңартылатын энергия көздері мен аграрлық секторға, орман шаруашылығына, логистикаға және Жібек жолына аударылды. 

Белгіленген басымдықтарды ескере отырып, парламентаралық байланыстарды кеңейту туралы шешім қабылданды.

                Кездесуге қазақстандық тараптан депутаттар Қуаныш Сұлтанов пен Сапар Ахметов, Нұрлан Әбдіров, Глеб Щегельский, Ирина Аронова, Меруерт Қазбекова, Ерсұлтан Бектұрғанов, Мұхтар Ерман, Павел Казанцев, Құралай Қаракен қатысты.

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, суретті түсірген  Жаслан Куспанов)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі