Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
17.01.2018

Н. Нығматулин Чехия елшісін қабылдады


Астана, 17қаңтар, Мәжіліс үйі.Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Чех Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Элишка Жигованы қабылдады.

Тараптар екіжақты қарым-қатынасты дамытудың өзекті сұрақтарын талқылады.

Н. Нығматулин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың таяуда Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауына айрықша назар аудара келіп, біздің еліміздің әсіресе, инновациялық-технологиялық бағытта әріптестікті нығайтуға деген қызығушылығы зор екеніне тоқталды.  Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, бұл салада Чехия Республикасының заңнамалық базасы мен тәжірибесі жоғары.

Биыл екі ел арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 25 жыл толды. Тараптардың пікірінше осы уақыттар ішінде біздің елдеріміз арасында сенімді саяси үнқатысу және барлық салада тиімді ықпалдастық орнады.

Кездесу иелері қос мемлекет ынтымақтастығының стратегиялық сипатына мән беріп, парламентаралық ықпалдастықты одан әрі тереңдету жолдарын жан-жақты талқылады.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі