Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
24.01.2018

Астана қаласында тарифтерді белгілеу: проблемалары және шешу жолдары


Астана, 24 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бейсенбі, 25 қаңтарда Мәжілісте «Нұр Отан» партиясының Фракциясы жанындағы Өңірлік саясат және мәслихаттармен жұмыс жөніндегі кеңесінің: «2018 жылғы 10 қаңтардағы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы және мемлекет Басшысының Қазақстан Республикасы Парламенттің III сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын орындау аясында «Астана қаласында тарифтерді белгілеу: проблемалары және шешу жолдары» тақырыбындағы отырысы өтеді.

Отырысқа Парламент депутаттарымен қатар Ұлттық экономика министрлігі және Астана қаласының әкімдігі мен мәслихатының өкілдері қатысып, Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин, Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов баяндама жасайды деп күтілуде.

Талқылау қорытындысы бойынша Кеңестің ұсыныстары әзірленбек.

Өткізілетін орны: Мәжіліс үйі, 25 қаңтар, сағат 14-30, А-313-кабинет.

 

(74-63-01, Ақпаратты Мәжілістің Баспасөз қызметі таратты)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі