Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
25.01.2018

Атырауда ана мен баланы қорғау туралы Мәжіліс комитетінің көшпелі отырысы өтеді


Астана, 25 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бейсенбі, 25 қаңтарда Атырау облысында Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысы өтеді. («Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимараты, сағат 16-00).

Отырысқа ана мен баланы қорғау мәселесін талқылау үшін облыс әкімшілігінің, ұлттық ғылыми орталықтар мен медициналық ұйымдардың және ҮЕҰ-дың өкілдері қатысады.

Көшпелі отырыс аясында Мәжіліс депутаттары облыстағы денсаулық сақтау нысандарын аралайды.

 

Анықтама: 8701-180-26-79 Серік Ерментаев – облыс әкімінің баспасөз хатшысы)

 

(Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі