Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
01.02.2018

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы»: Жұмыс тобының отырысы


Астана, 1 ақпан, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілісте депутат Қанат Мусиннің төрағалығымен «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасын қарау бойынша Жұмыс тобының отырысы өтті.

Аталған шараға Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдар, Республикалық адвокаттар алқасы, «Коммерциялық заңгерлер алқасы «Kazakhstan Bar Association» Республикалық қоғамдық бірлестігі, үкіметтік емес және оқу орындарының өкілдері қатысты.

Заң нормаларын талқылауға MILLER, CANFIELD (ПОЛЬША) және GLCC SOLUTIONS (ГРУЗИЯ) Компаниялары консорциумының сарапшысы, Америка заңгерлер қауымдастығының мүшесі, Juris Doctor - Айнұр Көкетаева қатысты. Атап айтқанда, сарапшы Әділет министрлігімен ұсынылып отырған реформаларды қолдайтынын атап өтті.

Пікір алмасу барысында адвокаттық қызмет саласында жаңа стандарттарды енгізу бойынша өзекті мәселелер талқыға салынды.

Кездесу қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар әзірлеген Ұсыныстар заң жобасы бойынша одан әрі жұмыс істеу кезінде ескерілетін болады.

 

(Мөлдір Мұса - 74-63-04. Суретті түсірген – Еркебұлан Үкібаев. Ақпаратты Мәжілістің Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі