Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
02.02.2018

«Нұр Отан» - Мәжіліс комитеті: сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы


Астана, 2 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Қаржы және бюджет комитеті мен «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі Фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының бірлескен отырысы өтті.

Іс-шарада Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары – Жанат Құрманов Мәжіліс депутаттарының алдында баяндама жасап,  республикадағы сақтандыру секторының жай-күйі мен даму перспективалары туралы, оның ішінде заңнаманы халықаралық практикаға сәйкес келтіруге бағытталған нормаларды қамтитын заң жобасымен жүргізілген жұмыс туралы айтты.

Сонымен қатар, Банк төрағасының орынбасары Заң жобасы онлайн сақтандыру және эталондық дерекқор сияқты жаңа тетіктер енгізуді көздейтінін және дауларды сотқа дейінгі реттеу жүйесін жетілдіру, шетелге шыққан кезде туристі сақтандыру бөлігіндегі жаңа өзгерістер, сақтандыру агенттері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және көптеген басқа да мәселелер туралы баяндады.

Сондай-ақ, дөңгелек үстелде Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының Басқарушы директоры – Ерлан Бурабаев және сақтандырушылар қауымдастығының төрағасы – Виталий Веревкин сөз сөйледі.

 Отырыс барысында Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары мен Кеңес мүшелері Қазақстандағы сақтандыру қызметінің проблемалы мәселелері және даму келешектерін қарап, талқылады.

 

(74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі). 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі