Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
07.02.2018

Мәжілісте гендерлік теңдікті ілгерлету мәселесі талқыланды


Астана. 7-ақпан. Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Иксанова мен Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Анар Жаилғанова «БҰҰ-Әйелдер» ұйымының Қазақстандағы өкілі  Илейн Конкиевичпен кездесті.

Г. Иксанова Қазақстан мен «БҰҰ-Әйелдер» ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың  деңгейін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Тараптар гендерлік теңдікті ілгерілету,  әйелдердің мүмкіндіктері мен құқықтарын кеңейту, сондай-ақ, ана мен баланы қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы жобасы  төңірегінде жан-жақты әңгіме қозғалды. Аталған тұжырымдаманы әзірлеуге «БҰҰ-Әйелдер» ұйымы да белсене араласты.

Айта кетейік, «БҰҰ-Әйелдер» кеңсесі ағымдағы жылдың 1-қаңтарында Алматыдан Астанаға көшіп келді. Енді осы жерде стратегиялық маңызды жоспарлар одан әрі өз жалғасын табатын болады.

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі