Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
07.02.2018

Мәжіліске Франциядан аграрлық саланың ғалымы келді


Астана, 7 ақпан, Мәжіліс үйі.   Бүгін Парламент Мәжілісіне француздың аграрлық ғалымы Ги Риба келді. Францияның ауылшаруашылық зерттеулер институтының бұрынғы президентін Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко қабылдады.

Вице-спикер екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуын және стратегиялық әріптестік туралы келісімнің 10 жылдығын, сондай-ақ, Қазақстан мен Франция елдері арасындағы қарым-қатынастардың сындарлы сипатын атап өтті.

Кездесу барысында  тараптар аграрлық секторға, атап айтқанда салалық ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөліп, ауыл шаруашылығы ғылымының тиімділігі мен оны жаңғырту жолдары, кешенді ғылыми бағдарламалар, материалдық-техникалық базаны дамыту, бәсекелестік, цифрландыру, технологиялық трансферт және аграрлық ғылымды қаржыландыру мәселелерін талқылады.

Осы және басқа да мәселелер бойынша тараптар еуропалық тәжірибеге қызығушылық танытып, еліміздегі ауыл шаруашылығындағы өзгерістерге заңнамалық қолдау көрсетуді ұсынды.

Кездесуге Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы Сапархан Омаров, осы комитеттің мүшесі  Сергей Звольский, Сәкен Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры Ақылбек Күрішбаев қатысты.

 

(746301, ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі