Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
15.02.2018

«ҚХКП» фракциясы халықты жұмыспен қамту мәселелерін қарастырды


Астана, 15 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін «Халық коммунистері» парламенттік фракциясының бастамасымен «Жұмыспен қамтылу – қоғам әл-ауқатының басты факторы» атты ғылыми конференция ұйымдастырды.

Форумда жұмыспен қамтуды арттыру үшін ауылшаруашылық саласына басымдық беріп, жергілікті өндірісті кеңейтіп, сыртқа экспорттап, көкөніс, жеміс-жидек және басқа да өнімдерді импорттауды қысқарту мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сияқты бірқатар мәселелер талқыланды.  

Іс-шараға қатысушылар мемлекеттік органдардың ұзақ уақыттан бері жұмыспен қамтылу проблемасына алаңдап отырғандығын атап өтті. Осыған байланысты, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында бірқатар нақты міндеттерді қойды

Жалпы алғанда, ғылыми конференция барысында қатысушылар Қазақстан экономикасының ерекшелігін ескере отырып, еңбек нарығын одан әрі жетілдіру және жұмыспен қамтуды арттырудың тиімді жолдарын қарап, пікір алмасты.

Отырысқа Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың өкілдері, саяси партиялар, коммерциялық емес ұйымдар мен ғалымдар қатысты.

Конференция Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада өтті.

 

 (746301. Суретті түсірген Сайлау Майлыбаев. Ақпаратты Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі таратты).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі