Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
19.02.2018

Депутаттар мұғалім мамандығының беделін арттыру мәселесін талқылайды


Астана, 19 ақпан, Мәжіліс үйі. Сейсенбі, 20 ақпанда,  Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму Комитеті мен «Нұр Отан» партиясы фракциясының Әлеуметтік кеңесінің бірлескен отырысы өтеді.

Іс-шара Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы аясында ұйымдастырылып, «Мұғалім мамандығының беделін арттыру мәселелері» туралы талқыланатын болады.

Отырысқа Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдар мен білім ұйымдарының өкілдері және ғалымдар мен педагогтар, орта мектеп пен колледж оқытушылары қатысады деп жоспарлануда.

Таныстырылым Мәжілісте 20 ақпанда, сағат 10-00-де, №А-235 каб. (конференц-зал) басталады.

 

(746301. Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі