Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
22.02.2018

Мәжіліс депутаттарының Дүниежүзілік банктің сарапшыларымен кездесуі


Астана, 22 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің бастамасымен Дүниежүзілік банктің ауыл шаруашылығы саласының сарапшыларымен кездесуі өтті.

Дүниежүзілік банктің ауыл шаруашылығы реформалары жөніндегі жетекші консультанты, ауыл шаруашылығы және ауылдық жерлерді дамыту жөніндегі экс-Еуропа комиссары Дачиан Циолосты Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко,  Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаров және Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рустем Құрманов қабылдады.

Кездесуде атап өткендей, Дүниежүзілік банк ауыл шаруашылығы секторындағы экономикалық зерттеулердің Бірлескен бағдарламасы шеңберінде экономиканың отандық аграрлық секторының мемлекеттік саясатына талдау жүргізді.

Осыған орай, тараптар Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру мәселелерін, оның ішінде осы саладағы халықаралық тәжірибені, инновациялық қаржы құралдарын (аграрлық қолхаттар) енгізу, ауыл шаруашылығын цифрландыру мен өнімдерінің экспортын ілгерілетуді қоса алғанда, агробизнесті дамыту мәселелерін талқылады.

Ауыл шаруашылығы саласының өзекті проблемаларын талқылаған кездесуде екі жақ пікір алмасып, одан әрі ынтымақтастықты арттыру туралы әңгімеледі.  

 

 

(74-63-01, Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі