Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
23.02.2018

Мәжілісте орта білім берудің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында дөңгелек үстел отырысы өтеді


Астана, 23 ақпан, Мәжіліс үйі. Дүйсенбі, 26 ақпанда, Мәжілісте «Орта білім берудің өзекті мәселелері» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтеді (сағат 15.00-де, 2-қабаттағы конференц-зал).  

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Білім және ғылым вице-министрлері А. Аймағамбетов және Б. Асылова, орталық мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, орта, жоғары білім беру ұйымдарының басшылары, ата-аналар комитеттері мен қамқоршылық кеңестерінің және байланыс операторларының өкілдері қатысады.

Дөңгелек үстелде орта білім беру жүйесін жаңғырту, педагогтардың еңбекақысын төлеу, орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыру, орта білім беру ұйымдарын ақпараттандыру, педагогика кадрларын даярлау, мектеп түлектерін қорытынды аттестаттау және бірыңғай ұлттық тестілеуді жүргізу және т.б мәселелер қаралады. 

 

(74-63-01, Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі