Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
28.02.2018

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою: дөңгелек үстел


                Астана, 28 ақпан, Мәжіліс Үйі. Бейсенбі күні, 1 наурызда Мәжілісте дөңгелек үстел өткізіледі.

                Тақырыбы: «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік жүйенің жай-күйі мен даму перспективалары туралы»

                Баяндамашы – ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин.

                Отырысқа Палата вице-спикері Владимир Божко қатысады деп күтілуде.

                Жұмыс барысына Парламент Мәжілісінің депутаттары,  ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Мұрат Майкеев, Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев, Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов,  Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Роман Скляр, сондай-ақ Қаржы, Энергетика,  Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі  министрліктерінің өкілдері қатысады.

Шараға сондай-ақ Астана қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар және БАҚ өкілдері шақырылған.

Дөңгелек үстел Мәжіліс үйінде, сағат 11-00-де конференц-залда өтеді (екінші қабат).

 

                (Мөлдір Мұса - 746304. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.) 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі