Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
28.02.2018

Алматы - көшпелі отырыс: кинематография


Астана, 28 ақпан, Мәжіліс Үйі. 2-3 наурызда Алматы қаласында Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті көшпелі отырыс өткізеді.

Тақырыбы: «Кинематография туралы» заң жобасын талқылау.

Оның жұмысына Мәжіліс депутаттары, Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Алматы қаласы әкімдігінің, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ кинематография саласындағы сарапшылар қатысады.

Көшпелі отырыс 2 наурызда Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнәр Иксанованың басшылығымен Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында сағат 14-00-де басталады. (Панфилов к.,127)

Сенбі күні, 3 наурызда сағат 10-30-да депутаттар «Қазақфильм» және Қазақстан кинематографистер одағы жұмыс ұжымдарымен кездеседі деп жоспарлануда. (Әл-Фараби даңғылы, 176).

 

***

Аңықтама үшін: Әмірбек Трушев – 8 701 875 55 37.

 

                (Мөлдір Мұса - 746304. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі таратты.) 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі