Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
18.09.2018

Мәжіліс Қаржы министрінің кандидатурасын келісті


Астана, 18 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Бүгін Палатаның Қаржы және бюджет комитетінің отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасы Қаржы министрі лауазымына тағайындау жөніндегі кандидатура келісілді.  

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Комитеттің отырысында қаралды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов Қаржы министрі лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловты тағайындау туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің ұсынысын депутаттар қарауына ұсынды.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшелері Ә. Смайыловқа бірқатар сұрақтар қойды. Сондай-ақ, еліміздің салық және бюджеттің кіріс бөлігін арттыру,  қаржы  ресурстарын жұмсауды бақылау шараларын күшейту, сонымен бірге бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бағдарламалардың қорытынды нәтижелеріне қол жеткізуге қатысты пікір алмасты.

Отырыс соңында тиісті Қорытынды қабылданды.

Ол «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын қарап, аталған кандидатураны Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынуға болады деп есептейді».

Депутаттар кандидатқа алдағы жұмысына табыстар тіледі.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі