Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.05.2019

Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысындағы гипс өндіру зауытының еңбек ұжымымен кездесті


                Мәжіліс үйі, 4 мамыр. Бүгін Мәжіліс депутаттары Мансұрхан Махамбетов, Бекболат Тілеухан, Серік Құсайынов, Петр Шарапаев Жамбыл облысындағы гипс және гипсокартон өндіретін зауыттың еңбек ұжымымен кездесті.

                Үш жыл бұрын салынған зауыт күніне 500 тонна гипс пен 100 мың шаршы метр гипсокартон өндіреді. Бүгінгі күні кәсіпорын өз өнімдерін Алматы, Нұр-Сұлтан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарына жеткізеді.

                Зауыт қызметкерлерімен әңгіме барысында депутаттар Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  әлеуметтік бастамалары туралы және қойылған міндеттерді орындау үшін қандай заңнамалық жұмыс атқарылып жатқаны жайында айтып берді.

                Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы айта келе, зауыт қызметкерлері өндірісті кеңейтумен қатар, кәсіпорынның аудан мен облыстың аз қамтылған азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне үлкен назар аударатынын атап өтті. Мысалы, балаларды мектепке дайындау, қайырымдылық және т.б.             

 

                (Ақпаратты Мәжілістің Баспасөз қызметі таратқан - 746304 - «Nur Otan» партиясының ақпараты бойынша)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі