Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.09.2019

Н. Нығматулин: өз уақытында, халыққа қажетті, сапалы заңдар қабылдаймыз.


 

Нұр-Сұлтан, 4 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның V сессиядағы алғашқы жалпы отырысы басталды.

Күн тәртібін қарамас бұрын Н. Нығматулин осыдан екі күн бұрын Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемел ұлы Тоқаевтың кезекті сессияны ашып, Парламент қабырғасында өзінің тұңғыш Жолдауын жариялағанына назар аударды.  Палата Спикері:

- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы  Тоқаев өз Жолдауында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын жалғастыра отырып, Қазақстанымызды одан әрі дамытудың негізгі мақсаттарын  белгілеп берді. Олардың барлығын заң жағынан қолдау үшін депутаттық корпустың алдында да жауапты міндеттер тұр. Сол үшін сессия барысында, біз, өз уақытында, халыққа қажетті, сапалы заңдар қабылдайтын боламыз,-деді.

Осы жауапты міндетті абыроймен атқару үшін бүгіннен бастап белсене іске кірісу қажеттігін еске салған Мәжіліс Төрағасы әсіресе, экономиканы жаңғыртуға әлеуметтік ахуалды күшейтуге, бюджет және салық жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, шағын және орта бизнесті қолдауға, экологиялық мәселелерге басқа да сұрақтарға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

     

 (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі).

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі