23.10.2019

Мәжіліс 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын мақұлдады


Нұр-Сұлтан, 23 қазан, Мәжіліс үйі. БүгінПалата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс Үкіметтің 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын мақұлдады.

Республикалық бюджеттің барлық шығыстарының 46% немесе 18,2 трлн. теңге, әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған.

Мәжіліс Төрағасы талқылауды қорытындылай келе, мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік бағытына тоқталды:

- Бүгін мақұлданған бюджет жобасында экономиканың нақты секторын қолдау, денсаулық саласы, баспана және жұмыспен қамту, басқа да әлеуметтік мақсаттарға ерекше көңіл бөлінді. Бұл Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың маңызды бастамаларын, сонымен бірге, Мемлекет Басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлау бағдарламасы бойынша басым бағыттарды одан әрі жалғастыру болып табылады. Енді негізгі міндет - осы бөлінген барлық қаражаттардың, өз уақытында, тиімді жұмсалуы. Осыған орай, мемлекеттің әрбір тиыны Мәжіліс депутаттарының қатаң бақылауға алынады, - деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжілісте бюджет жобасы бойынша жұмыс барысында бірқатар түзетулер енгізілді. Олар мұғалімдердің жалақысын 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 25 пайызға және алдағы төрт жылда екі есе арттыру туралы болса, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мәдениет және өнер қызметкерлерінің жалақысын 35% -дан 50% -ға дейін көтеруге бағытталған түзетулер.

- Қазіргі уақытта экономикалық өсудің шешуші факторы бөлінетін қаражаттың мөлшері емес,олардың қаншалықты тиімді жоспарлануы және тиімді игерілуі.Халықтың өмір сүру деңгейінің артуы және жалпы әл-ауқатының жақсаруы, - деді Нұрлан Нығматулин.

Жалпы отырыста талқылау барысында депутаттар бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Олардың ішінде - мемлекетке қосымша кіріс көздерін іздеу арқылы бюджеттің кіріс бөлігін толтыру.Экономиканың нақты секторын, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау салаларын мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қажеттілігіне назар аударылды.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асырудың нәтижесі тек жұмыс орындарын ғана емес, тұрақты жұмыс орындарын құрып, салық түсімдері мен нақты өнімдер өндірісінің көлемін арттыруы керек.

Палата Спикері жалпы алғанда, параметрлерін Елбасы мен ел Президенті белгілейтін республикалық бюджет мемлекеттің экономикалық саясатының тірегі болып табылатынына тоқталды.

Осыған байланысты депутаттар бюджеттің шығыс бөлігіне айтарлықтай түзетулер енгізді.Белгілі бір нәтижеге жетуді көздемейтін негізсіз шығындар біздің азаматтарымыздың шұғыл шешуді қажет ететін қажеттіліктеріне қайта бөлінеді.Енді Үкіметке, сондай-ақ депутаттарға, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін бөлінген қаражаттың уақтылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету міндеті тұр. Депутаттық корпус бұл бағыттағы белсенді бірлескен жұмыстарға дайын, - деп қорытындылады Мәжіліс Төрағасы.

Заң жобасы бойынша депутаттардың түзетулерін атап айтқанда Қызылорда облысындағы төтенше жағдайлардың (су тасқыны) ықтималдығын төмендету жөніндегі мәселелерді кешенді түрде шешуге; құқық қорғау қызметін цифрландыруға; ауылдық елді мекендердегі азаматтарымызды таза ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ сумен жабдықтау объектілерін дамытуға; мемлекеттік тілде авторлық желілік қоғамдық-саяси және патриоттық танымдық телебағдарламалар шығаруға; суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарын ұлғайтуға; жол инфрақұрылымын дамытуға; жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысын кредиттеуге қатысты түзетулері қолдау тауып отыр.

ЖІӨ-нің нақты өсуі 2020 жылы 4,1% деңгейінде болжанып отыр, ол
2024 жылы одан әрі 4,7%-ға дейін өседі. Алдағы орта мерзімді кезеңге
ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны 4,4%-ды құрайды.

Ұлттық Банк жылдық инфляцияның нысаналы дәлізін 2020 жылы
4,0-6,0% шегінде сақтайды, ол кейіннен 2022-2024 жылдары 3,0-5,0%-ға дейін төмендетіледі.

2020 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің болжамы (трансферттер түсімін есепке алмағанда) 7 957 089 928 мың теңге сомасында айқындалды немесе 937 986 384 мың теңгеге асып түсе отырып, ағымдағы жылғы бағалауға қатысты 113,4%-ды құрайды.

Республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемі 2020 жылы
– 12 742 531 383 мың теңге, 2021 жылы – 13 168 661 123 мың теңге,
2022 жылы 13 573 851 428 мың теңге сомасында жоспарлануда.

Сонымен бірге, депуттар Үкіметке халықты жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларға қатысуға ынталандыру, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде жауапкершілікті арттыру, жеке меншік мектептердің білім беру қызметтерін көрсетуіне мониторинг жүргізуді, «Жас маман» жобасының тәртібін және оның іске асырылуын нормативтік-құқықтық реттеуді мерзімінде қамтамасыз етуді және мемлекеттік медициналық мекемелердің және қолда бар медициналық жабдықтардың жай-күйіне тексеру жүргізуді ұсынды.

Сонымен қатар депутаттар ұсынған ұсыныстардың қатарында республикалық бюджеттен қаржыландырылатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне функционалдық талдау жүргізуді; ҚР Президенітнің тұтас инвестициялық саясатты қалыптастыру мен экспортты қолдаудың қажеттігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік органдардың экспортты қолдау және ілгерілету, АӨК-ті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына кейіннен өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына бюджеттік кредит беру мерзімін қысқа мерзімнен орта мерзімді кезеңге дейін ұлғайта отырып, мерзімнің соңында негізгі борыш сомасын жабу мәселесін пысықтауды ұсынды.

Бүгінгі отырыста «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020 – 2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобасы мақұлданды.

Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары Сенаттың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты ұсыныстарын да қарады.

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, суретті түсірген Ж.Құспанов).



Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі