Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
07.11.2019

Мәжілісте өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне қатысты заң жобасының таныстырлымы өтті


 

Нұр-Сұлтан, 7 қараша, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі депутаттар алдында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымын өткізді.

Тақырып төңірегінде баяндама жасаған   Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов Заң жобасы қауіпті өндірістік объектілерді уақтылы жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру, өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды тұлғаларының қызметін регламенттеу және олардың мәртебесін күшейту, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған ұйымдарға профилактикалық қадағалауды жүзеге асыру және оны жүргізу тәртібін белгілеу мәселелерін көздейтіндігін атап өтті.

Заң жобасының таныстырылымына  Парламент Мәжілісінің депутаттары, аталған министрліктің, энергетика, ұлттық экономика, әділет министрліктерінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметкерлерінің республикалық орталық штабының, Лифтшілердің ұлттық ассоциациясының, Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциацияның, «Кazenergy», ТККА өкілдері қатысты.

Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский аталған заң жобасы Үкіметтің 2019 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес  әзірленгенін және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманы жетілдіруге және мемлекеттік қадағалаудың тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі