Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
13.11.2019

Н. Нығматулин ресми сапармен Вьетнамға барады


 

                Нұр-Сұлтан, 13 қараша, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин 13-15 қарашада ресми сапармен Вьетнам Социалистік Республикасына барады.

                Сапар барысында Вьетнам Ұлттық Жиналысының Төрағасы Нгуен Тхи Ким Нганмен және осы елдің жоғары мемлекеттік билік органдарының басшыларымен келіссөздер өткізу жоспарланған.

                Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин Ханой университетінің профессорлық – оқытушылар құрамымен кездесіп, Абай атындағы ғылыми және мәдени орталығына барады.

                Дананг қаласындағы келіссөздер барысында қазақстан-вьетнамдық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланады. Онда Мәжіліс Төрағасы Вьетнамның экономикалық мүмкіндіктерімен танысады.

                (Мәжілістің баспасөз қызметі, 74-63-04, Суретті түсірген – Ж.Құспанов.)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі