Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
06.03.2020

Мәжіліс депутаттары ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Санкт-Петербордағы тұрақты комиссиясының отырысына қатысты


 

Нұр-Сұлтан, 6 наурыз. Мәжіліс үйі. Санкт-Петербордағы Таврия сарайында ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Отырыста  Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы М. Ерман ПАА-ның саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланса, Р. Рубинян, Т.Думбадзе және К. Косачев орынбасарлары болып сайланды.  

Іс-шарада қатысушылар Өзбекстанның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына 2020 жылы төрағалық ету Тұжырымдамасы туралы мәселені қарады.

Талқылаудың тағы бір тақырыбы – халықаралық парламенттік ұйымдар сессияларының нәтижелері және аталған ұйымдардың жұмысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің парламенттік делегацияларының әрекеттерін үйлестіру туралы болды.

Сонымен қатар, қатысушылар назарына ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесі отырысының нәтижелері (2019 жылғы 10 қазан, Ашхабад) және 2020 жылдың 3 сәуірінде ТМД сыртқы істер министрлерінің кеңесінде қарауға ұсынылған мәселелер туралы (Алматы, Қазақстан Республикасы) баяндама комиссия мүшелеріне ұсынылды.

Сондай-ақ, Комиссия мүшелері Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар факультетінің әлемдік саясат кафедрасының профессоры Н. Васильевтің Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесін реформалау перспективалары туралы баяндамасын тыңдады.

Отырысқа қатысушыларға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар тобының сайлауға бақылау жүргізуге қатысуы туралы қорытындылары ұсынылды. Атап айтқанда, 2019 жылғы  22 желтоқсанда өткен Өзбекстан Республикасының Олий Мажлисі Заңнамалық палатасы, 2020 жылғы 9 ақпанда  Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисі және 2020 жылғы 1 наурызында өткен Тәжікстан Республикасының намояндагон маджлиси оли (парламенттің төменгі палатасы).

Іс-шараның нәтижесі бойынша отырысқа қатысушылар комиссияның 2019 жылғы жұмысын қорытындылады.         

 

 

(Эльмира Башеева, 74-63-01 – Мәжілістің Баспасөз қызметі).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі