Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
21.03.2020

Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулин: Наурыз-ынтымақтың, жаңарудың, жақсылықтың символы


Нұр-Сұлтан, 21 наурыз, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы қарсаңында барша қазақстандықтарға өзінің игі тілегін жеткізді. Бұл туралы ол Твиттер парақшасында жазды.

«Наурыз мейрамы ежелден ізгілік пен ынтымақтың, жаңару мен жаңғырудың, достық пен сыйластықтың белгісі саналған. Күн мен түнді теңестіріп, тіршілікті жаңартқан Наурыз елімізге тыныштық, халқымызға молшылық, әрбір шаңыраққа шаттық әкелсін»,-деп жазды Н. Нығматулин. https://twitter.com/NigmatulinKZ/status

Одан әрі Мәжіліс Төрағасы қазір Қазақстан халқы үшін төзімділік пен жауапкершілік, сабырлық пен түсіністік танытатын сыни уақыт келгенін, осындай сәтте барлығымыз жұдырықтай жұмылып, бірге болуымыз керектігін атап өтті.

Н.Нығматулиннің пікірінше, береке-бірліктің арқасында талай қиындықтардан аман-есен өткен еліміз, мемлекетімізде қалыптасқан қазіргі уақытша дүрбелеңді де бірлесіп жеңіп, өркениеттің жаңа белесін бағындыратынына сенім білдірді.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі