Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
27.03.2020

Мәжілісте митингілер туралы заң жобасын бейнеконференция форматында талқылады


                Нұр-Сұлтан, 27 наурыз, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарауға әзірлеу барысында оның қолданыстағы нормаларын талқылау бойынша кезекті   шара  өтті.

                Карантин режимінің күшеюіне байланысты қатысушылардың барлығы аудио- және бейне конференциялар арқылы пікір алмасты.

                Мәжіліс депутаттары мен заң жобасын әзірлеушілерден басқа, азаматтық және ғылыми қоғамдастық өкілдері қатысқан іс-шараны басқарған жұмыс тобының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Қанат Мусин.

                Талқылау барысында бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың міндеттеріне қатысты мәселелерге баса назар аударылды.

                Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық бюро директоры Евгений Жовтис, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ президенті Асылбек Қожахметов, қоғам қайраткерлері Мұхтар Тайжан мен Мұрат Әбенов, саясаттанушы Ерлан Саиров, Жоғары заң мектебінің деканы Сәуле Амандықова өз ойларымен бөлісті.

                Келесі жұмыс топтарының талқылауына Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин заң жобасын бірінші оқылымда қарау барысында назар аударған нормалар түседі.

               

                (Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-04. Суретті түсірген Ж. Құспанов).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі