Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
30.03.2020

Мәжілісмендер бейбіт жиналыстардың қағидаларына оларды өткізу презумпциясын және тараптар жауапкершілігін енгізуді ұсынды


 

                Нұр-Сұлтан, 30 наурыз, Мәжіліс үйі. Мәжіліс «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» үкіметтік заң жобасын талқылауды жалғастыруда.

                Жұмыс тобының кезекті отырысы дәстүрлі түрде бейнеконференция режимінде өтті.

                Талқылауға Мәжіліс депутаттары мен заң жобасын әзірлеушілер және Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық бюро директоры Евгений Жовтис, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ президенті Асылбек Қожахметов, қоғам қайраткерлері Мұхтар Тайжан мен Мұрат Әбенов, саясаттанушы Ерлан Саиров және Жоғары заң мектебінің деканы Сәуле Амандықова, Ішкі істер органдарының қызметі жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Коғамов, Еуропалық құқық сараптамалық институтының директоры Марат Башимов қатысты.

                Құжат жобасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу қағидалары, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің құқықтары мен міндеттеріне қатысты нормалары талқылаудың негізгі тақырыбына айналды.

                Атап айтқанда, депутаттар бейбіт жиналыстардың қағидаларына оларды өткізу презумпциясын және тараптар жауапкершілігін енгізуді ұсынды.

                Презумпция қағидасы, егер жиналыс туралы билікке хабарланса және билік тарапынан ешқандай әрекет болмаса, яғни жергілікті атқарушы орган тарапынан ешқандай жауап берілмесе, онда кез-келген жиналыс бейбіт және келісілген болып саналады, дегенді білдіреді.

Заң жобасы бойынша талқылау жалғасуда.

               

(Мәжілістің Баспасөз қызметі. Мөлдір Мұса, 74-63-04. Суретті түсірген Ж. Құспанов).

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі