19.05.2020

Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматулинді қабылдады


Нұр-Сұлтан, 19 мамыр, Мәжіліс үйі. Бүгін Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс Төрағасы, «Nur Otan» фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулинді қабылдады.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» фракциясының қазіргі қызметі мен партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруды бақылау барысы туралы ақпарат ұсынылды.

Н.Нығматулиннің мәліметі бойынша, Мәжілістің қарауындағы 137 заң жобасының 40-тан астамын «Nur Otan» фракциясының депутаттары әзірледі.

Сонымен қатар, Елбасына еліміздің дағдарысқа қарсы дамуын заңнамалық қамтамасыз ету аясында экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі Үкіметтің Кешенді жоспарына парламенттік фракцияның әзірлеген ұсыныстары туралы мәлімет берілді.

(Ақпарат және сурет Қазақстанның Тұңғыш Президенті- Елбасы сайтынан алынды)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі