Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
25.08.2020

Н.Нығматулин ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды


Нұр-Сұлтан, 25 тамыз, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының  2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын» - делінген Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қол қойған Өкім мәтінінде.

 

(74-63-01, Мәжілістің Баспасөз қызметі, суретті түсірген Ж. Құспанов).

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі