Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
30.10.2020

Мәжіліс Төрағасы көңіл айту жеделхатын жолдады


Жоғары Мәртебелі,

Нұр-Сұлтан, 31 қазан, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан  Нығматулин Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мұстафа Шентопқа Измир провинциясында жер сілкінісі салдарынан адамдардың қаза болуларына  байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Онда:

-«Өзімнің және әріптестерімнің атынан Измир провинциясында орын алған жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандардың отбастарына орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын.

Құрметті Төраға мырза, осынау қайғылы сәтте біз  бауырлас Түркия халқымен бірге екендігімізді және шынайы жанашыр көңілімізді жеткізе отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығуына тілектестігімізді білдіреміз» - делінген.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин осындай қиын сәтте Түркия халқына сабырлылық пен төзімділік тіледі.  

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж.Құспанов).

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі