Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
07.01.2021

Нұрлан Нығматулин православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады


Нұр-Сұлтан, 7 қаңтар, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.

Мерекелік құттықтауын өзінің Twitter парақшасында жариялады https://twitter.com/NigmatulinKZ/status/.

- «Қазақстандағы православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жарқын да мейірімді мейрам әрбір үйге, әрбір отбасына амандық, бақыт, тыныштық әкелсін!» - деп жазды Н. Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, бұл мереке қазақстандықтарды ізгілікке, бірлік пен ынтымаққа шақырады. Нұрлан Нығматулин осы жолда Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрқашанда ұлтаралық татулықты, халықтар бірлігі мен дінаралық байланыстарды нығайтуға баса назар аударғанын айта келе, елімізге тұрақтылық, барша қазақстандықтарға зор денсаулық тіледі.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Құспанов).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі