Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
09.01.2021

Мәжіліс депутаттары халықаралық байқаушылармен кездесті


Нұр-Сұлтан, 10 қаңтар, Мәжіліс үйі. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман Парламент Мәжілісі депутаттарының және мәслихаттардың  сайлауына байқаушы болып келген ТМД мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламентаралық Ассамблеялары байқаушылар топтарының үйлестірушілері А. Майоровпен және У. Умахановпен кездесті.

Кездесуде М.Ерман алдағы сайлауға дайындық барысы туралы, сондай-ақ, сайлау процесіне халықаралық бақылаушылардың қатысуының маңыздылығын атап өтті.

ТМД ПАА байқаушылар топтарының үйлестіруші, Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің аграрлық азық-түлік саясаты және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің төрағасы Алексей Майоров алдағы сайлауға дайындық деңгейін бағалап, бақылаушылардың жұмысы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғанын атап өтті.

Өз кезегінде, ҰҚШҰ ПАА байқаушылар топтарының үйлестіруші, Ресей Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думаның ТМД, Еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Умахан Умаханов Қазақстандағы сайлауға дайындық туралы пікірімен бөлісіп, халықаралық ұйымдарға бақылау процесіне жәрдем көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Тараптар жалпы парламентаралық қатынастар туралы айта келе, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-01. Суретті түсірген С. Майлыбаев).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі