Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
10.01.2021

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс және мәслихат депутаттары сайлауында дауыс берді


Нұр-Сұлтан, 10 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Нұрлан Нығматулин сайлауда қазақстандықтар өздерінің ауызбіршілігі мен ынтымағын көрсететінін алға тарта келе:

-«Бүгін  өз таңдауымды жасадым. Мен мемлекетіміздің тұрақты дамуы үшін, халқымыздың сапалы өмірі үшін, балаларымыздың жарқын болашағы үшін дауыс бердім» - деді. 

Мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттар Қазақстан халық партиясынан, «Nur Otan» партиясынан, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан, «Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы» және «Аdal» саяси партиясынан қатысуда.

Айта кету керек,  Мәжілістің 98 депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Құспанов).


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі