Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
22.01.2021

Н.Нығматулин: Мәжіліс автокөліктерді жымқыруға қарсы күрес туралы халықаралық келісімді қарайды


Нұр-Сұлтан, 22 қаңтар, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бюро отырысында депутаттар қарауына бірқатар ратификациялық заң жобалары ұсынылды. Атап айтқанда, ТМД қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама.  

Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында Қазақстан мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы бар.

Алдағы жалпы отырыста депутаттар ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қарайтын болады.

Сондай-ақ, Бюрода VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асырудың I сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспары туралы мәселе ұсынылды.

 

(Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Құспанов).

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі