Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Жаңалықтар

Жаңалықтар күнтізбесі
27.02.2020

Мәжілісте аудиторлық қызмет мәселелеріне қатысты заң жобасының таныстырылымы өтті

Бүгін Мәжілісте Қаржы және бюджет комитетінің отырысы өтті. Онда Парламент депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы таныстырылды.

26.02.2020

Мәжіліс Азаматтық процестік кодекске соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіруге қатысты заң жобасын I оқылымда мақұлдады

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Онда депутаттар Азаматтық процестік кодекске соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелеріне арналған заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

25.02.2020

Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин Еуропалық Парламент делегациясын қабылдады

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы Фульвио Мартушелло бастаған Еуропалық Парламенттің делегациясын қабылдады.

25.02.2020

Мәжілісте әскери қызметшілер мен шақырылушыларды медициналық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің тақырыптық отырысы өтті.

24.02.2020

Мәжілісте бұқаралық спортты дамытуға арналған Үкімет сағаты өтті

Бүгін Мәжілісте бұқаралық спортты дамытуға арналған Үкімет сағаты өтті.

21.02.2020

Н. Нығматулин: Денсаулық сақтау кодексі жобасындағы пікір-талас тудырған мәселелер оң шешімін тапты

Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысын өткізді. Депутаттар халық денсаулығы туралы кодекспен жұмыс істеу барысында азаматтық қоғамның пікірлерін ескерді.

20.02.2020

Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс туризм туралы заң жобасына қатысты барлық пікірлерді ескереді

Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен туризмге қатысты заң жобасы талқыланды. Палата Спикерінің пікірінше туризм елдің экономикалық өсуінің жаңа драйверіне айналуы керек.

19.02.2020

Мәжілісте ратификациялық заң жобалары мақұлданды

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Онда бірқатар ратификациялық заң жобалары мақұлданды.

18.02.2020

Мәжілісте аграрлық ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялау туралы тақырыптық отырыс өтті

Бүгін Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің аграрлық ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялау мәселелеріне арналған тақырыптық отырысы өтті.

14.02.2020

Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

14.02.2020

Мәжілісте Марат Оспановқа арналған кітаптың тұсаукесері өтті

Нұр-Сұлтан, 14 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Елбасының сенімді серігі, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің алғашқы Төрағасы, 20 жыл бұрын дүниеден өткен Марат Оспановқа арналған конференция аясында «Отанға адал қызмет ету» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

13.02.2020

Н. Нығматулин ДДСҰ өкілімен кездесті

Нұр-Сұлтан, 13 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге бастаған делегация өкілдерімен кездесті.

13.02.2020

Мәжілісте мемлекеттік басқаруға қатысты заң жобасының таныстырылымы өтті

Нұр-Сұлтан, 13 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

12.02.2020

Мәжілісте бірқатар ратификациялық жаңа заң жобалары мақұлданды

Нұр-Сұлтан, 12 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Онда Ұжымдық қауіпсіздікке қатысты бірқатар ратификациялық заң жобалары мақұлданды.

11.02.2020

Мәжіліс Премьер-Министр орынбасарының кандидатурасын келісті

Нұр-Сұлтан, 11 ақпан, Мәжіліс үйі. Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтіп, Ералы Тоғжановтың кандидатурасын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары қызметіне тағайындау келісілді.

11.02.2020

Мәжілісте цифрлық технологияларды реттеуге қатысты заң жобасының таныстырылымы өтті

Нұр-Сұлтан, 11 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Вице-спикер В. Божконың қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының таныстырылымы өтті.

11.02.2020

Мәжілісте нормашығармашылықты жетілдіру мәселелеріне қатысты түзетулер таныстырылды

Нұр-Сұлтан, 11 ақпан, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзегрістер мен түзетулер енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті.