Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Жаңалықтар

Жаңалықтар күнтізбесі
11.02.2020

Мәжілісте су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері қаралды

Нұр-Сұлтан, 11 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде авариялық-құтқару қызметтерінің жұмысын реттеудің проблемалы мәселелері және көктем мезгілінде орын алатын тасқынның алдын-алуға арналған тақырыптық отырыс өтті.

10.02.2020

Мәжілісмендер бір күндік жалақысын Қордайда зардап шеккендерге көмек қорына аударды

Нұр-Сұлтан, 10 ақпан, Мәжіліс үйі. Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы бір күндік еңбек жалақыны Жамбыл облысы, Қордай ауданында болған қайғылы жағдай салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін аудару туралы Қаулы қабылдады.

10.02.2020

Мәжілісте мемлекеттік аудитті одан әрі дамытуға арналған үкімет сағаты өтті

Нұр-Сұлтан, 10 ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте Палатаның вице-спикері Гүлмира Исимбаеваның төрағалық етуімен үкімет сағаты өтті.

08.02.2020

Нұрлан Нығматулин Қордайда орын алған жағдайға байланысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, 8 ақпан, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қордайда орын алған жағдайға байланысты қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығуына тілектестік білдірді.

07.02.2020

Н. Нығматулин: Заң жобалары еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласын дамытуға бағытталған

Нұр-Сұлтан, 7 ақпан, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Онда депутаттар назарына бірқатар ратификациялық құжаттар ұсынылмақ.

06.02.2020

Мәжілісте тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заң жобасы таныстырылды

Нұр-Сұлтан, 6 ақпан, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір Заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.

06.02.2020

Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин Грек елшісімен кездесті

Нұр-сұлтан, 6-ақпан, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Грек Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Адам Георгиос Адамидисті қабылдады.

06.02.2020

Мәжілісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулер таныстырылды

Нұр-Сұлтан, 6 ақпан, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты заңнамалық түзетулердің таныстырылымы өтті.

06.02.2020

Нұрлан Нығматулин Түркияда орын алған табиғи апатқа байланысты көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, 6-ақпан, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мұстафа Шентопқа Ван провинциясында орын алған қар көшкініне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

05.02.2020

Мәжіліс лотереялар және лотерея қызметіне қатысты заңнамалық түзетулерді І оқылымда мақұлдады

Нұр-Сұлтан. 5-ақпан, Мәжіліс үйі. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің кезекті жалпы отырысы өтіп, депутаттар лотереялар және лотерея қызметіне қатысты заңнамалық түзетулерді І оқылымда мақұлдады. Заң жобасының мақсаты лотереялық қызметті жүзеге асырудың жаңа ұстанымдарын одан әрі нығайту болып табылады.

04.02.2020

Мәжілісте асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, 4 ақпан, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.

03.02.2020

Мәжілісте Экологиялық кодекс жобасы таныстырылды

Нұр-Сұлтан, 3 ақпан, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжілісте Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының таныстырылымы өтті.