Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

"Аграрлық мәселелер комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі"

Тұрымбаева Жанна Қуатқызы
Аграрлық мәселелер комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі
1981 жылы 13 желтоқсанда туған. Білімі жоғары: Юриспруденция академиясы – «Әділет» Жоғары құқық мектебін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.

2002-2006 жылдары Астана қаласында «Converti & Partners» ЖШС заңгері, заң мәселелері бойынша директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

2006-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты.

2013-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2022 жылғы қараша айынан бастап – Аграрлық мәселелер комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі. Бірқатар мерекелік медальдармен наградталған.

Бөлімнің қызметі мен міндеттері

Бөлім Парламент Мәжілісі депутаттарының заң шығару және өзге де қызметін консультативтік-ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз ету, тұрақты комитеттердің отырыстарын; Парламент Мәжілісінің кезекті сессиядағы жұмыс жоспарына сәйкес парламенттік тыңдауларды, үкімет сағаттарын, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді және өзге де шараларды дайындап, өткізу бойынша жұмыс атқарады.