Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
АЙМАҒАМБЕТОВ Асхат Қанатұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрағасы
1982 жылы 14 маусымда Қарағанды облысыда дүниеге келген.

Білім және мансап:

2003 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті тарих факультетін «тарихшы, тарих мұғалімі» біліктілігі бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған, 2004–2005 жылдары «Аңсар» жастар лигасы» ҚБ төрағасы болған, 2005–2006 жылдары «МЕДИА СП» ЖШС директоры, 2006–2012 жылдары — ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған.

2012–2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

2014 жылғы ақпан айынан бастап 2017 жылғы тамызға дейін — Қарағанды облысы Білім беру басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

2017 жылғы тамыздан бастап 2019 жылғы қаңтарға дейін ҚР Білім жəне ғылым вице-министрі қызметін атқарған.

2003–2012 жылдар аралығында Қарағанды қалалық мәслихатының III және IV шақырылымдарының депутаты, қала мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланған.

2019 жылғы маусымнан бастап 2022 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметін атқарған.

2022 жылғы маусымнан бастап 2023 жылғы қаңтарға дейін - Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі.

2023 жылдың ақпан айынан бастап М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің оқытушысы.

2023 жылғы 29 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Төрағасы.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Жеке парағы