Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны


СЕРІКОВ Таңсауле Ғабдыманапұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
PhD докторы, қауымдастырылған профессор, ХАА академигі (Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы).

1981 жылы 28 қарашада Қарағанды облысы Шет ауданы Нұраталды совхозында дүниеге келген. Ұлты бойынша қазақ.

1988 жылы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылындағы М.Горький (Қазіргі ж. Ақылбаев) атындағы мектепке барды.

1998 жылы Приозерск қаласындағы Қазақстанның 60 жылдығы атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Алматы энергетика және байланыс институтына оқуға түсті. 2003 жылы осы институтты сәтті аяқтағаннан кейін "автоматты электр байланысы" мамандығы бойынша "Қазақтелеком"АҚ Қарағанды филиалына жұмысқа жіберілді. 2003 жылдан 2015 жылға дейін "Қазақтелеком"АҚ Қарағанды облыстық телекоммуникация дирекциясы - филиалының инженері, жоғары санатты инженері, шет АТТ бас инженері, цех бастығы болып қызмет ойқарды.

Білім

2003 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын "автоматты электр байланысы"мамандығы бойынша бітірген.

2005 жылы Қарағанды қаржы институтын "Экономика"мамандығы бойынша үздік бітірді.

2014 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде "Автоматтандыру және басқару"мамандығы бойынша магистратураны бітірді. 2014 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің докторантурасына түсіп, 2017 жылы "Радиотехника, электроника және телекоммуникация" мамандығы бойынша докторлық диссертациясын сәтті қорғап, PhD докторы ғылыми дәрежесін алды.

2022 жылы Радиотехника және байланыс мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор.

2022 жылы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының (ХАА) академигі.

2022 жылы Қазақстан Республиканың еңбек сіңірген энергетигі.

2022 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы.

2016 жылы Бургер ауруы табылды, екі аяғына 18 ота жасалды (ампутация). 2017 жылдан бастап мүгедектер арбасындағы бірінші топтағы мүгедек.

2016 жылы толық оқытуға көшті. Хирш Индексі 6. Көптеген шетелдік конференцияларда мақұлданған және жоғары импакт-факторы бар ғылыми басылымдарда жарияланған 80-нен астам ғылыми еңбектері бар. 5 монографияның, ҒЖБССҚҚ, РИНЦ, Scopus, Web of science базасына кіретін 70-тен астам ғылыми жарияланымның, 15 оқу құралының, оқулықтың, Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің және 10 авторлық құқық патентінің, ҚР зияткерлік меншік жүйесінің авторы. Телекоммуникация желілері мен жүйелерін модельдеу, телетрафика теориясы, телекоммуникацияның цифрлық интегралдық желілері бағытында ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүргізеді. Мүгедектерге арналған жоғары білім беру тұжырымдамасының авторы.

Марапаттары: академик А.Сағынов атындағы Жас ғалымдарға арналған медаль иегері, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған "белсенді еңбек қызметі үшін" 2019 жылғы "ЖанДос" халықаралық қоғамдық сыйлығының лауреаты. "Ғылымның, білім беру қызметінің дамуына қосқан үлесі, мүгедектігі бар адамдардың білімге ұмтылысы үшін" номинациясы бойынша "Жан Шуақ"халықаралық қоғамдық сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі. Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы 2022ж. спортшы, Омбы қаласында 2019 жылғы мүгедектер арасында жүзуден Ресей халықаралық чемпионатының қола жүлдегері.

Қоғамдық жұмыстар: тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Қоғам қайраткері. "ДОС"мүгедектер ҚБ мүшесі.

Отбасылық жағдайы үйленген, мектеп жасындағы үш бала.