Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
САТЫБАЛДИН Ерболат Жалғасбайұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі
1975 жылдың 12 наурызында Қарағанды облысы, Жезді ауданының Мибұлақ ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ.

Білімі жоғары, 1997 жылы Ө.А.Байқоныров атындағы Жезқазған угивеситетін аяқтады. Мамандығы - өнеркәсіптік азаматтық құрылыс, инженер құрылысшы.

2022 жыл, Қазақстан-Американдық еркін университетін аяқтады. Іскери әкімшілік магистрі.

Еңбек жолын 1997 жылы Анненск кенішінде қүрделі құрылыс инженері болып бастап, жер асты тау-кен шебері, кейіннен учаске бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Әр жылдары «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Жастар одағы төрағасы, «Жомарт» кеніші кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметіне сайланды.

2010 жылы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің өңірлік кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2013 – 2018 жылдары «КәсіпҚазақмыс» салалық кәсіподағының Жезқазған филиалы төрағасы болып еңбек етті.

2018 жылдың маусымынан 2020 жылдың наурыз айына дейін «Адал Еңбек KZ» ЖШС-нің атқарушы директоры, кейін бас директоры қызметін атқарды.

2020 жылдың 12 наурызынан бастап Тау-кен-металлургия кәсіпорындары және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» салалық кәсіптік одағының төрағасы.

2016 жылдан бері Ұлытау ауданы, «Мибұлақ» ауылдық округының «Қаражар» шаруа қожалығының басшысы.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалімен, «Казақмыс Корпорациясы» басшылығының құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтарының Конфедерациясының төсбелгісімен, «3 дәрежелі Еңбек Даңқы» төсбелгісімен марапатталған.

«AMANAT» партиясының мүшесі.

Сәтбаев қалалық мәслихатының 6 –шы шақырылымының депутаты.

Қарағанды облысы мәслихатының 7- ші шақырылымының депутаты.

Ұлытау облысы құрылған соң, Ұлытау облысы мәслихатының депутаты.

Ұлытау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

2023 жылдың 28 наурызынан Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.

Үйленген, жұбайымен бірге 9 бала тәрбиелеп отыр.

Жеке парағы