Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
ЕГІЗБАЕВ Серік Рахметоллаұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы

Серік Рахметоллаұлы Егізбаев 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі - ғалым агроном, мемлекеттік қызмет менеджері, заңгер.

Еңбек жолын Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысындағы «Чапаев» асыл тұқымды мал зауытында құрылыс жұмысшысы, бөлімше агрономы болып бастаған.

1986 жылдан 1990 жылға дейін өңірдің комсомол ұйымдарында әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

1990-1997 жылдары - Орал облыстық Қазақстан Жастар одағының хатшысы-идеологиялық бөлімінің меңгерушісі, Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан Жастар одағының бірінші хатшысы.

1997-1998 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде бас инспектор және ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.

2000 жылдан 2001 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігінің Ұйымдастыру және кадр жұмысы департаментінің бөлім басшысы болып жұмыс істеген.

2001-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі қызметтер атқарған.

2007-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2016 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды.

2017 жылғы наурыздан «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының өңірлік даму жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдың қыркүйек айынан 2021 жылдың ақпан айына дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2021 жылдың ақпаны мен 2023 жылдың ақпан айы аралығында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы, вице-министр қызметін атқарды.

2023 жылғы наурыздан бастап сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Төрағасы, фракция жетекшісі.

Ұлттық құрылтай мүшесі.


«Парасат» (2022 ж.) және «Құрмет» (2015 ж.) ордендерімен, «Астанаға - 10 жыл» (2008 ж.) және «Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл» (2021 ж.) мерекелік медальдарымен марапатталған.

Үйленген, бір ұлы, немерелері бар.

Жеке парағы