Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
РАҚЫМЖАНОВ Асхат Нұрмағамбетұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі
1983 жылы 10 маусымда Целиноград қаласында (Астана қ.) дүниеге келді.
2005 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмәмдады. Мамандығы: «Саясаттану қосымша мамандығы «шет тілі». Үздік диплом.
Еңбек жолын 2006 жылы бастады. 2010 жылға дейін жеке компанияларда әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2003 жылдан бастап қоғамдық-саяси қызметпен белсене айналыса бастады.
2003 жылы «Патриоттық жастар одағының» ұйымдастырушыларының бірі болды.
2004 жылы «Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі болып сайланды.
2005 жылы «Әділетті Қазақстан үшін!» РҚБ-ның мүшесі болды.
2006 жылдан бастап Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) мүшесі.
2011 жылы ЖСДП Астана филиалы аппаратының басшысы болып тағайындалды.
2012 жылы ЖСДП Астана филиалының төрағасы болып сайланды. Сол жылы ЖСДП Саяси кеңесінің мүшесі болып сайланды.
2017 жылы ЖСДП Саяси кеңесі Төралқасының мүшесі болып сайланды.
2019 жылы ЖСДП съезінде партия Төрағасы болып сайланды.
2022 жылы Мадрид қаласында (Испания) өткен Социалистік Интернационал Конгресінде, аталмыш ұйымның Вице-Президенті болып сайланды.
2023 жылы ЖСДП партиялық тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.
Үйленген, бір қызы мен бір ұлы бар.

Жеке парағы