Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
НАЖМЕТДИНҰЛЫ Болатбек
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
1970 жылы 2 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында дүниеге келген

Алматы есеп-кредит техникумын;

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін;

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген;

Мамандығы бойынша біліктілігі: экономист, заңгер, инженер-құрылысшы.

Еңбек жолын 1989 жылы ОҚО Созақ аудандық білім бөлімінің аға бухгалтері болып бастаған;

1989-1991 жылдары – Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеген;

1991-1992 жылдары – ОҚО Созақ аудандық атқарушы комитетінің қаржы бөлімінің бюджет жөніндегі аға экономисі;

1992-1993 жылдары – ОҚО бойынша Мемлекеттік қаржылық бақылау комитеті Созақ бөлімшесінің аға бақылаушы-ревизоры;

1993-1995 жылдары – ОҚО Ішкі істер органдарындағы қызмет, Созақ аудандық Ішкі істер бөлімі экономикалық қылмыстармен күрес бөлімінің шұғыл уәкілі;

1995-1997 жылдары – ОҚО Мемлекеттік тергеу комитеті органдарындағы қызмет, Мемлекеттік тергеу комитетінің Созақ ауданы бойынша экономикалық және қызметтік қылмыстармен күрес бөлімінің шұғыл уәкілі;

1997-1999 жж. – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарындағы қызмет, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ОҚО бойынша департаментінің аға шұғыл уәкілі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің БҚО бойынша департаментінің аға шұғыл уәкілі;

1999-2000 жылдары – Қазақстан Республикасының кедендік бақылау органдарындағы қызмет, Кеден басқармасының ОҚО бойынша контрабандамен күрес басқармасының бастығы;

2003-2007 жылдары – «Агромашсервис» ЖШС, «Dala-Trans» ЖШС директоры;

2007-2009 жылдары – ОҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің директоры;

2009-2013 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2013-2023 жылдары – «Dala-Trans» ЖШС директорының орынбасары, Бас директоры.



2023 жылғы наурызда бір мандатты округ бойынша сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының мүшесі, ҚР Үкіметі жанындағы Отандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі.

«Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарымен марапатталған, Түркия қаласының құрметті азаматы, Сайрам және Созақ аудандарының құрметті азаматы.

Үйленген, бес баласы бар.

Жеке парағы