Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

"Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі"

Әлғожин Нариман Абзалұлы
Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі
1973 жылы 17 наурызда туған. Білімі жоғары: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Тарихшы, тарих және саяси-әлеуметтік пәндердің оқытушысы; заңгер.

Еңбек жолын 1995 жылы Қарағанды облысы Балқаш қалалық әкімшілігі ұйымдастыру бөлімінің бас маманы болып бастады.

1996-2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлік және заңды тұлғаларды тіркеу жүйесінде қызмет етті.

2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқармасының бас маманы.

2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратында Комитеттермен жұмыс жөніндегі бөлімінің консультанты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті хатшылығының сектор меңгерушісі.

2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің консультанты, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың инспекторы.

2003-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің консультанты, бас консультанты, меңгерушінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2022-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Аппараты Заң бөлімінің меңгерушісі.

2023 жылдың сәуір айынан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен және бірқатар мерекелік медальдармен наградталған.

Бөлімнің қызметі мен міндеттері

Бөлім Парламент Мәжілісі депутаттарының заң шығару және өзге де қызметін консультативтік-ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз ету, тұрақты комитеттердің отырыстарын; Парламент Мәжілісінің кезекті сессиядағы жұмыс жоспарына сәйкес парламенттік тыңдауларды, үкімет сағаттарын, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді және өзге де шараларды дайындап, өткізу бойынша жұмыс атқарады.