Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

"Ақпарат-талдау бөлімі"

Шәуенов Ербол Солтыбекұлы
Сараптама-талдау бөлімінің меңгерушісі
1972 жылы 3 қарашада туған. Білімі жоғары: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Философ, философия пәнінің оқытушысы, саясаттану магистрі. Саяси ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2000 жылы Қазақстанның даму институтында Саяси зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері болып бастады (Алматы қ.).

2001-2002 жылдары – «Стратегия» Талдау орталығының сарапшысы (Алматы қ.).

2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі.

2003-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің консультанты, Ішкі саясат басқармасы Әлеуметтік-саяси бөлімінің аға сарапшысы, бас сарапшысы, сектор меңгерушісі.

2006-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ақпараттық-талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, меңгерушінің орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2020-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ директоры.

2023 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Сараптама-талдау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

«Құрмет» орденімен және бірқатар мерекелік медальдармен марапатталған.

Бөлімнің қызметі мен міндеттері

Парламент Мәжілісі Аппаратының Сараптама-талдау бөлімінің міндеті заң шығару функциясын және өкілдік қызметті орындау кезінде депутаттардың, депутаттық бірлестіктердің, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, ақпараттық-кітапханалық және өзге де қамтамасыз ету болып табылады.