Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
01.02.2021

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың 2021 жылғы 14 қаңтарда «Nur Otan» партиясы Фракциясының алғашқы Жиналысында берген тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев 2021 жылғы 15 қаңтарда сессияның ашылуында алға қойған міндеттерді орындау бойынша «Nur Otan» партиясы Фракциясының VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I сессиясына арналған ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ


«Nur Otan» партиясының

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі Фракциясы Төралқасының

2021 жылғы 1 ақпандағы

№ 002 хаттамасымен

«БЕКІТІЛДІ»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың

2021 жылғы 14 қаңтарда «Nur Otan» партиясы Фракциясының алғашқы Жиналысында берген тапсырмаларын, сондай-ақ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев 2021 жылғы 15 қаңтарда сессияның ашылуында алға қойған міндеттерді орындау бойынша «Nur Otan» партиясы Фракциясының VII сайланған Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің I сессиясына арналған

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Р/с №

Іс-шаралардың атаулары

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

ФРАКЦИЯНЫҢ ЗАҢ ЖОБАЛАУ ЖҰМЫСЫ

1.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев
2021 жылғы 15 қаңтарда I сессияның ашылуында алға қойған міндеттерді іске асыруды көздейтін, мынадай мәселелер бойынша заң жобаларын жан-жақты қарау және талқылау:

1) сот билігінің тәуелсіздігін нығайту

2) «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасы шеңберінде отандық бизнесті қолдау және ынталандыру

3) Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың өту шегін 7-ден 5%-ға дейін төмендету

4) барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдерінің нысандарына «Бәріне қарсымын» деген жазуы бар бағанды енгізу

5) «жастардың әлеуметтік қызметтері» ұғымын заң жүзінде ресімдеу және «Жастардың даму индексін» енгізу

6) «Омбудсмен туралы» арнайы заң қабылдау

7) Әлеуметтік кодексті қабылдау

ҚР Үкіметі әзірлеген

заң жобаларына ұсыныстар

бастамашылық

заң жобалары

заң жобаларының келіп түсуіне қарай

сессия барысында

П.О. Казанцев,

М.Т. Ерман,

И.С. Унжакова,

Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағалары және/немесе хатшылары – Фракцияның мүшелері,

Фракцияға мүше депутаттар

Фракцияға мүше депутаттар

2.

Әлеуметтік маңызы бар неғұрлым басым заң жобаларын алдын ала келісу бойынша ҚР Үкіметімен өзара іс-қимыл жасау

ҚР Үкіметінің

заң жобаларына ұсыныстар

сессия барысында

П.О. Казанцев,

М.Т. Ерман,

И.С. Унжакова,

Фракцияға мүше депутаттар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ «ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!» АТТЫ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ТИІМДІ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІМЕН ЖӘНЕ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАУ

3.

ҚР Үкіметімен және «Nur Otan» партиясының Орталық аппаратымен бірлесе отырып, «Nur Otan» партиясының
2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасының жобасын әзірлеу

Жол картасының

жобасы

2021 жылғы ақпанның алғашқы онкүндігі

П.О. Казанцев,

М.Ә. Құсайынов,

А.П. Рау,

Фракцияның қызметін қамтамасыз ету басқармасы

4.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру барысын мониторингтеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру:

1) Жол картасының нақты көрсеткіштері мен индикаторларын мониторингтеу үшін жауапты Фракцияға мүше депутаттарды бекіту;

2) Жол картасын іске асыру мониторингінің барысын жүйелі талдау тетігін әзірлеу;

3) мониторингті ұйымдастыру бойынша әзірленген құжаттарды бекіту

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Фракцияның Жетекшісі
Н.З. Нығматулиннің атына ақпарат

Хаттама

2021 жылғы ақпанның алғашқы онкүндігі

2021 жылғы

22 ақпан

П.О. Казанцев,

М.Ә. Құсайынов,

А.П. Рау,

Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағалары және/немесе хатшылары – Фракцияның мүшелері,

Фракцияның қызметін қамтамасыз ету басқармасы

ФРАКЦИЯНЫҢ ІС-ШАРАЛАРЫ

Фракцияның Жиналыстары

5.

«VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I сессиясы кезеңіне арналған «Nur Otan» партиясы Фракциясының басшылық органдарын сайлау және бірінші кезектегі міндеттері туралы» мәселесі бойынша Фракцияның Жиналысы

Фракцияның хаттамалары

2021 жылғы

22 қаңтар

П.О. Казанцев,

М.Т. Ерман,

Фракцияның қызметін қамтамасыз ету басқармасы

6.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасының бірлесе отырып әзірленген жобасын жария қарау мақсатында ҚР Үкіметінің қатысуымен Фракцияның кеңейтілген Жиналысы

Фракцияның хаттамасы

2021 жылғы

12 ақпан

П.О. Казанцев,

М.Ә. Құсайынов,

А.П. Рау,

Фракцияның қызметін қамтамасыз ету басқармасы

Фракция Төралқасының отырыстары

7.

Фракция қызметінің ағымдағы мәселелері бойынша Фракция Төралқасының отырысы

Хаттама

апта сайын,

дүйсенбіде

П.О. Казанцев,

М.Т. Ерман,

И.С. Унжакова,

Фракцияның қызметін қамтамасыз ету басқармасы

8.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасының іске асырылуын мониторингтеу және бақылау бойынша жүргізілген жұмыс туралы Фракцияға мүше депутаттардың есептерін қарау жөніндегі Фракция Төралқасының кеңейтілген отырысы (таңдамалы түрде).

Хаттама

2021 жылғы

маусым

П.О. Казанцев,

М.Т. Ерман,

И.С. Унжакова,

Фракцияның қызметін қамтамасыз ету басқармасы

БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІ ЖҰМСАЛУЫН ЖӘНЕ

ҰЛТТЫҚ ҚОР ҚАРАЖАТЫНЫҢ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН

БАҚЫЛАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

9.

«2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың
2021 жылғы 14 қаңтарда «Nur Otan» партиясы Фракциясының
алғашқы Жиналысында бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауды күшейту және болашақ ұрпақтар үшін қаржыны жинақтай отырып, Ұлттық қордың қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету туралы берген тапсырмалары тұрғысынан қарау

түзетулер

2021 жылғы

наурыз-сәуір

М.Ә. Құсайынов,

Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағалары және/немесе хатшылары – Фракцияның мүшелері,

Фракцияға мүше депутаттар

10.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін «Nur Otan» партиясының Төрағасы
Н.Ә. Назарбаевтың 2021 жылғы 14 қаңтарда «Nur Otan» партиясы Фракциясының
алғашқы Жиналысында бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауды күшейту және болашақ ұрпақтар үшін қаржыны жинақтай отырып, Ұлттық қордың қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету туралы берген тапсырмалары тұрғысынан қарау

ұсыныстар

2021 жылғы

сәуір-мамыр

М.Ә. Құсайынов,

Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағалары және/немесе хатшылары – Фракцияның мүшелері

БАРЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАРМЕН

КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТУ

11.

«Nur Otan» партиясының Саяси менеджмент мектебімен бірлесе отырып, мынадай тақырыптарға арналған оқыту семинар-тренингін ұйымдастыру:

1. Саяси коммуникациялар.

2. Саясат рөлдік моделі.

3. Жаңа медиалармен өзара іс-қимыл жасау.

семинар-тренинг

2021 жылғы

наурыз

П.О. Казанцев,

И.С. Унжакова,

Саяси менеджмент мектебі,

Фракцияның қызметін қамтамасыз ету басқармасы

12.

ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми сайтындағы жеке парақшаларында көзделген «Депутатқа хат»
онлайн-қабылдау бөлмелері арқылы, сондай-ақ халықтың әртүрлі санаттары арасында танымал Facebook, YouTube, Twitter, Vkontakte, Instagram
және т.б. әлеуметтік желілерде Фракцияға мүше депутаттардың сайлаушылармен жұмысын жандандыру

өтініштерді қабылдау,

өтініш берушіге ақпарат беру

тұрақты түрде

П.О. Казанцев,

И.С. Унжакова,

Фракцияға мүше депутаттар

13.

Фракцияға мүше депутаттарға ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми сайтындағы онлайн-қабылдау бөлмелері арқылы және танымал әлеуметтік желілерде өтініш жасау арқылы проблемалық мәселелерді жедел шешу мүмкіндіктері туралы сайлаушылармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту

БАҚ пен әлеуметтік медиадағы хабарлар

тұрақты түрде

П.О. Казанцев,

И.С. Унжакова,

Фракцияға мүше депутаттар,

Фракцияның қызметін қамтамасыз ету басқармасы

14.

Парламент Мәжілісі Регламентінің нормаларында көзделген Парламент депутаттарын жалпы отырыстарда азаматтардың Фракцияға келіп түскен, қоғамдық маңызы бар өтініштерімен таныстыру жөніндегі құқық шеңберінде Фракцияның қызметін жандандыру

Палатаның жалпы отырыстарында Фракцияға келіп түскен өтініштерді жариялау

әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар өтініштердің келіп түсуіне қарай

П.О. Казанцев,

М.Т. Ерман,

Фракцияға мүше депутаттар

15.

Депутаттарды нақты өңірлерге бекітуді ескере отырып, өңірлердегі көшпелі жұмыс форматын енгізу

Фракцияға мүше депутаттардың өңірлерге шығу кестесі

сессия барысында

П.О. Казанцев,

М.Т. Ерман,

Фракцияның қызметін қамтамасыз ету басқармасы

16.

Депутаттармен кездесулер шеңберінде сайлаушылар көтерген жүйелі проблемаларды талдау

ҚР

Премьер-Министріне

хат

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Фракцияның Жетекшісі
Н.З. Нығматулинге ақпарат

Партия Төрағасының бірінші орынбасары Б.Қ. Байбекке

ақпарат

Өңірлерге кезекті шығу аяқталғаннан кейін 20 күн ішінде

П.О. Казанцев,

М.Т. Ерман,

И.С. Унжакова,

Фракцияға мүше депутаттар,

Фракцияның қызметін қамтамасыз ету басқармасы

17.

Депутаттармен кездесулер шеңберінде сайлаушылар көтерген жүйелі проблемаларды атқарушы билік органдарының шешу барысын мониторингтеу

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Фракцияның Жетекшісі
Н.З. Нығматулиннің атына ақпарат

Партия Төрағасының бірінші орынбасары Б.Қ. Байбекке

ақпарат

депутаттық сауалдар

БАҚ-қа және әлеуметтік медиаға ақпарат

тұрақты түрде

П.О. Казанцев,

М.Т. Ерман,

И.С. Унжакова,

Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағалары және/немесе хатшылары – Фракцияның мүшелері,

Фракцияға мүше депутаттар

18.

Фракцияға мүше депутаттардың партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріндегі жұмысын жандандыру

азаматтарды қабылдау

жеке кесте бойынша

П.О. Казанцев,

М.Т. Ерман,

И.С. Унжакова,

Фракцияға мүше депутаттар,

Фракцияның қызметін қамтамасыз ету басқармасы

19.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың 2021 жылғы
14 қаңтарда «Nur Otan» партиясы Фракциясының алғашқы Жиналысында берген тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев 2021 жылғы
15 қаңтарда сессияның ашылуында алға қойған міндеттерді
іске асыру барысы туралы Фракцияға мүше Парламент Мәжілісінің депутаттары үшін ақпараттық-анықтамалық және талдамалық материалдар дайындау

ақпараттық-анықтамалық және талдамалық материалдар

депутаттардың өңірлерге шығуларына

П.О. Казанцев,

М.Т. Ерман,

И.С. Унжакова,

Фракцияның қызметін қамтамасыз ету басқармасы

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТАУ ЖӘНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ

20.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың 2021 жылғы
14 қаңтарда «Nur Otan» партиясы Фракциясының алғашқы Жиналысында берген тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев 2021 жылғы
15 қаңтарда сессияның ашылуында алға қойған міндеттерді
іске асыру барысын жария ету бойынша медиа-жоспар әзірлеу және Фракцияның ақпараттық-насихаттау және түсіндіру жұмысын ұйымдастыру

медиа-жоспар

2021 жылғы

ақпан,

сессия барысында

И.С. Унжакова (сайланым),

Фракцияға мүше депутаттар,

Фракцияның қызметін қамтамасыз ету басқармасы

21.

«Қазіргі жағдайдағы коммуникациялардың ерекшеліктері» деген тақырыпта семинар-тренинг ұйымдастыру және өткізу

семинар-тренинг

2021 жылғы

наурыз

И.С. Унжакова,

А.С. Платонов,

Фракцияның қызметін қамтамасыз ету басқармасы

22.

Партияның Саяси кеңесі Бюросының 2019 жылғы
21 қарашадағы № 021PQ қаулысымен бекітілген Регламентке сәйкес қоғамдық пікір туғызған дағдарыстық жағдайларға ақпараттық тұрғыдан жедел ден қоюды қамтамасыз ету

БАҚ-та сөз сөйлеу,

әлеуметтік желілердегі жазбалар,

қажет болған кезде, Фракцияға мүше депутаттардың баруын ұйымдастыру

сессия барысында

П.О. Казанцев,

М.Т. Ерман,

И.С. Унжакова,

Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағалары және/немесе хатшылары – Фракцияның мүшелері,

Фракцияға мүше депутаттар,

Фракцияның қызметін қамтамасыз ету басқармасы

23.

Депутаттардың өзекті әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси мәселелер бойынша республикалық телеарналардағы ток-шоуларға жүйелі негізде қатысуын ұйымдастыру

Фракцияға мүше депутаттардың
ток-шоуларға қатысуы

сессия барысында

П.О. Казанцев,

И.С. Унжакова,

Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағалары және/немесе хатшылары – Фракцияның мүшелері,

Фракцияға мүше депутаттар,

Фракцияның қызметін қамтамасыз ету басқармасы

24.

Сайлаушылар өтініштерде және өңірлердегі кездесулер барысында көтеретін проблемалардың Фракцияға мүше депутаттардың қатысуымен оң шешім тапқанын жедел жария етуді ұйымдастыру

әлеуметтік медиадағы хабарлар

сессия барысында

П.О. Казанцев,

И.С. Унжакова,

Фракцияға мүше депутаттар,

Фракцияның қызметін қамтамасыз ету басқармасы