Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
30.09.2021

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйекте сессияның ашылуында қойған міндеттерін орындау бойынша «Nur Otan» партиясы Фракциясының VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің II сессиясына арналған іс-шаралар жоспары


«Nur Otan» партиясының

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясы Төралқасының

2021 жылғы 30 қыркүйектегі

№ 028 хаттамасымен

«БЕКІТІЛДІ»

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйекте сессияның ашылуында қойған міндеттерін орындау бойынша «Nur Otan» партиясы Фракциясының VII сайланған

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің II сессиясына арналған

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Р/с №

Іс-шаралардың атаулары

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

ФРАКЦИЯНЫҢ ЗАҢ ЖОБАЛАУ ЖҰМЫСЫ

1.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйекте II сессияның ашылуында қойған міндеттерін іске асыруды көздейтін, келесі мәселелер бойынша заң жобаларын жан-жақты қарау және талқылау:

- бюджет саясаты;

- өнеркәсіптік саясат;

- ауылдағы бизнесті қолдау;

- агроөнеркәсіп кешенін дамыту;

- «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» заңын қабылдау;

- заманауи цифрлық технологиялар трансферті, Индустрияның 4.0 элементтерін енгізу;

- денсаулық сақтау жүйесін реформалау;

- бұқаралық және балалар спортымен айналысуға жағдай жасау;

- қашықтықтан оқыту форматтары үшін ақпараттық жүйелердің сапасын арттыру;

- 2025 жылға дейін кемінде 1000 мектеп салу;

- сұранысқа ие мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білімді тегін үлгідегі жүз пайыз қамтуды қамтамасыз ету;

- барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысын бағалау тетігін оңтайландыру;

- өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы теңгерімсіздікті төмендету, өңірлердің қаржылық дербестігін арттыру;

- Агломерацияны дамыту туралы заң мен қалалардың кешенді құрылысының жаңа стандартын әзірлеу;

- қалалар мен ауылдарды 100% таза ауыз сумен қамтамасыз ету;

- «Кәсіби біліктіліктер туралы» заң қабылдау;

- Әлеуметтік кодексті қабылдау;

- депутаттық мандаттарды бөлу кезінде жастар мен әйелдер үшін отыз пайыз квотаны міндетті есепке алу туралы норманы заңнамалық бекіту;

- ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін сайлау квотасын белгілеу;

- Қылмыстық кодекстің нормаларын Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік хаттаманың ережелерімен үйлестіру;

- ең төменгі жалақы деңгейін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 60 мың теңгеге дейін ұлғайту;

- қызметкерлердің жалақысын арттыратын жұмыс берушілерге реттелетін сатып алулар шеңберінде жеңілдіктер беру, сондай-ақ мемлекеттік қолдауға артықшылықпен қол жеткізу;

- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнес үшін жиынтық жүктемені 34% - дан 25% - ға дейін төмендете отырып, еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлемді енгізу;

- 2022 жылдан 2025 жылға дейін азаматтық қызметшілердің жалақысын жыл сайын 20% - ға арттыру;

- зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін кейіннен тұрғын үй сатып алу мақсатында «Отбасы банкіндегі» есепшотқа аудару.

ҚР Үкіметі әзірлеген

заң жобаларына ұсыныстар

бастамашылық

заң жобалары

заң жобаларының келіп түсуіне қарай

сессия барысында

П.О. Казанцев,

М.Т. Ерман,

И.С. Унжакова,

Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағалары және/немесе хатшылары – Фракция мүшелері,

депутаттар - Фракция мүшелері

2.

Әлеуметтік маңызы бар неғұрлым басым заң жобаларын алдын ала келісу бойынша ҚР Үкіметімен өзара іс-қимыл жасау.

ҚР Үкіметінің

заң жобаларына ұсыныстар

сессия барысында

П.О. Казанцев,

М.Т. Ерман,

И.С. Унжакова,

депутаттар - Фракция мүшелері

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ «ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!» САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ТИІМДІ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІМЕН ЖӘНЕ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАУ

3.

««Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру барысының мониторингін автоматтандыру» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастыру және өткізу.

семинар-кеңес

2021 жылғы

қыркүйек

П.О. Казанцев,

И.С. Унжакова,

Фракция қызметін қамтамасыз ету басқармасы

4.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру барысын мониторингілеу және бақылау.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Фракцияның Жетекшісі
Н.З. Нығматулиннің атына ақпарат

сессия барысында

П.О. Казанцев,

М.Т. Ерман,

И.С. Унжакова,

депутаттар - Фракция мүшелері

ФРАКЦИЯНЫҢ ІС-ШАРАЛАРЫ

Фракцияның Жиналыстары

5.

«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы туралы» мәселе бойынша Фракция Жиналысы.

қаулы

2021 жылғы

қазан

П.О. Казанцев,

М.Ә. Құсайынов,

Фракция қызметін қамтамасыз ету басқармасы

6.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асырудың ағымдағы жылғы тоғыз айлық аралық қорытындылары туралы» мәселе бойынша Фракция Жиналысы.

қаулы

2021 жылғы

қазан

П.О. Казанцев,

Е.В. Смышляева,

Фракция қызметін қамтамасыз ету басқармасы

7.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыруды қорытындылау мақсатында ҚР Үкіметінің қатысуымен Кеңейтілген Фракция Жиналысы.

қаулы

2021 жылғы

ақпан

П.О. Казанцев,

М.Ә. Құсайынов,

А.П. Рау,

Фракция қызметін қамтамасыз ету басқармасы

Фракция Төралқасының отырыстары

8.

Фракция қызметінің ағымдағы мәселелері бойынша Фракция Төралқасының отырысы.

хаттама

апта сайын,

дүйсенбі

П.О. Казанцев,

М.Т. Ерман,

И.С. Унжакова,

Фракция қызметін қамтамасыз ету басқармасы

БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІ ЖҰМСАЛУЫН ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚОР ҚАРАЖАТЫНЫҢ

ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН БАҚЫЛАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

9.

«2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың 2021 жылғы 14 қаңтарда «Nur Otan» партиясы Фракциясының алғашқы Жиналысында бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауды күшейту және болашақ ұрпақтар үшін қаржыны жинақтай отырып, Ұлттық қордың қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету туралы берген тапсырмалары тұрғысынан қарау.

түзетулер

2021 жылғы

қыркүйек-қазан

2022 жылғы ақпан-наурыз

М.Ә. Құсайынов,

Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағалары және/немесе хатшылары – Фракция мүшелері,

депутаттар – Фракция мүшелері

10.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін «Nur Otan» партиясының Төрағасы
Н.Ә. Назарбаевтың 2021 жылғы 14 қаңтарда «Nur Otan» партиясы Фракциясының
алғашқы Жиналысында бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауды күшейту және болашақ ұрпақтар үшін қаржыны жинақтай отырып, Ұлттық қордың қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету туралы берген тапсырмалары тұрғысынан қарау.

ұсыныстар

2022 жылғы

сәуір-мамыр

М.Ә. Құсайынов,

Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағалары және/немесе хатшылары – Фракция мүшелері

БАРЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАРМЕН КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТУ

11.

ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми сайтындағы «Депутатқа хат» онлайн-қабылдау бөлмелері арқылы, сондай-ақ халықтың әртүрлі санаттары арасында танымал Facebook, YouTube, Twitter, Vkontakte, Instagramжәне т.б. әлеуметтік желілерде депутаттар – Фракция мүшелерінің сайлаушылармен жүргізетін жүйелік жұмысын ұйымдастыру.

өтініштерді қабылдау,

өтініш берушіге ақпарат беру

тұрақты түрде

П.О. Казанцев,

И.С. Унжакова,

депутаттар – Фракция мүшелері

12.

Депутаттар – Фракция мүшелеріне ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми сайтындағы онлайн-қабылдау бөлмелері арқылы және танымал әлеуметтік желілерде өтініш жасау мүмкіндіктері туралы сайлаушыларға ақпараттық-түсіндірудің жүйелік жұмысын (форматы, өтетін күні, орны, алаңы және т.б.) ұйымдастыру.

әлеуметтік желілердегі хабарлар

тұрақты түрде

П.О. Казанцев,

И.С. Унжакова,

депутаттар – Фракция мүшелері,

Фракция қызметін қамтамасыз ету басқармасы

13.

Депутаттарды нақты өңірлерге бекітуді ескеріп, өңірлердегі көшпелі жұмысты ұйымдастыру .

депутаттар – Фракция мүшелерінің өңірлерге шығу кестесі

сессия барысында

П.О. Казанцев,

М.Т. Ерман,

Фракция қызметін қамтамасыз ету басқармасы

14.

Өңірлерге жоспарлы шығу аясында депутаттардың халықпен кездесулері барысында сайлаушылар көтерген проблемалық мәселелерді жинау және жүйелеу бойынша жұмысты ұйымдастыру.

бекітілген нысандағы есеп

өңірлердегі жұмыс аяқталғаннан кейін үш күн ішінде

Фракция қызметін қамтамасыз ету басқармасы (жинақ),

депутаттар – Фракция мүшелері

15.

Өңірлерге жоспарлы шығу аясында депутаттардың халықпен кездесулері барысында сайлаушылар көтерген проблемалық мәселелерді талдау.

ҚР Премьер - Министріне

хат,

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Фракция Жетекшісі
Н.З. Нығматулинге ақпарат,

Партия Төрағасының бірінші орынбасары Б.Қ. Байбекке

ақпарат

өңірлерге кезекті шығу аяқталғаннан кейін 20 күн ішінде

П.О. Казанцев,

М.Т. Ерман,

И.С. Унжакова,

депутаттар – Фракция мүшелері,

Фракция қызметін қамтамасыз ету басқармасы

16.

Депутаттармен кездесулер шеңберінде сайлаушылар көтерген жүйелі проблемаларды атқарушы билік органдарының шешуі барысына мониторинг.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Фракция Жетекшісі
Н.З. Нығматулиннің атына ақпарат,

Партия Төрағасының бірінші орынбасары Б.Қ. Байбекке

ақпарат,

депутаттық сауалдар,

БАҚ-қа және әлеуметтік медиаға ақпарат

тұрақты түрде

П.О. Казанцев,

М.Т. Ерман,

И.С. Унжакова,

Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағалары және/немесе хатшылары – Фракция мүшелері,

депутаттар – Фракция мүшелері

17.

Бекітілген Кестеге сәйкес депутаттар – Фракция мүшелерінің партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіндегі жұмысын ұйымдастыру және бақылау.

азаматтарды қабылдау

сессия барысында, жеке кесте бойынша

П.О. Казанцев,

М.Т. Ерман,

И.С. Унжакова,

депутаттар – Фракция мүшелері,

Фракция қызметін қамтамасыз ету басқармасы

18.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың 2021 жылғы
14 қаңтарда «Nur Otan» партиясы Фракциясының алғашқы Жиналысында берген тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйекте сессияның ашылуында қойған міндеттерін
іске асыру барысы туралы Парламент Мәжілісінің депутаттары - Фракция мүшелеріне арналған ақпараттық-анықтамалық және талдамалық материалдар дайындау.

ақпараттық-анықтамалық және талдамалық материалдар

депутаттардың өңірлерге шығуларына

П.О. Казанцев,

М.Т. Ерман,

И.С. Унжакова,

Фракция қызметін қамтамасыз ету басқармасы

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТАУ ЖӘНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ

19.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың 2021 жылғы
14 қаңтарда «Nur Otan» партиясы Фракциясының алғашқы Жиналысында берген тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйекте сессияның ашылуында қойған міндеттерін
іске асыру барысын мониторингтеу мен бақылауды жариялау бойынша Фракцияның ақпараттық-насихаттау және түсіндіру жұмысын жүргізуді ұйымдастыру.

БАҚ-та сөз сөйлеу,

әлеуметтік желілердегі жазбалар

сессия барысында

И.С. Унжакова (сайланым),

депутаттар – Фракция мүшелері,

Фракция қызметін қамтамасыз ету басқармасы

20.

Партияның Саяси кеңесі Бюросының 2019 жылғы
21 қарашадағы № 021PQ қаулысымен бекітілген Регламентке сәйкес қоғамдық пікір туғызған дағдарыстық жағдайларға ақпараттық тұрғыдан жедел ден қоюды ұйымдастыру.

БАҚ-та сөз сөйлеу,

әлеуметтік желілердегі жазбалар,

қажет болған кезде, депутаттар – Фракция мүшелерінің баруын ұйымдастыру

сессия барысында

П.О. Казанцев,

М.Т. Ерман,

И.С. Унжакова,

Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағалары және/немесе хатшылары – Фракция мүшелері,

депутаттар – Фракция мүшелері,

Фракция қызметін қамтамасыз ету басқармасы

21.

Сайлаушылар өтініштер мен өңірлердегі кездесулер барысында көтерген проблемаларды депутаттар – Фракция мүшелері оң шешкен кезде жедел жария етуді ұйымдастыру.

БАҚ-ағы және әлеуметтік желілердегі хабарлар

сессия барысында

П.О. Казанцев,

И.С. Унжакова,

депутаттар – Фракция мүшелері,

Фракция қызметін қамтамасыз ету басқармасы