Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
26.09.2022

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттерін орындау бойынша VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы Фракциясының III сессиясына арналған ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ


Қазақстан Республикасы

Парламентінің Мәжілісіндегі

«AMANAT» партиясының

Фракциясы Төралқасының

2022 жылғы 26 қыркүйектегі

№ 024 хаттамасымен

«БЕКІТІЛДІ»

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет.

Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттерін орындау

бойынша VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі

«AMANAT» партиясы Фракциясының III сессиясына арналған

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Р/с №

Іс-шаралардың атаулары

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

ФРАКЦИЯНЫҢ ЗАҢ ЖОБАЛАУ ЖҰМЫСЫ

1.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйекте III сессияның ашылуында алға қойған міндеттерді іске асыруды қарастыратын заң жобаларын жан-жақты қарау және талқылау, келесі сұрақтар бойынша:

- Әлеуметтік кодексті қабылдау;

- жаңа Салық кодексін қабылдау;

- жаңа Бюджеттік кодексті қабылдау;

- жаңа Қала құрылысы кодексін қабылдау;

- Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне ревизия жүргізу;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң қабылдау;

- «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңын қабылдау;

- монополияға қарсы, кеден, зейнетақы заңнамаларын;

- техникалық және кәсіптік білім туралы заңнама;

- кәсіпкерлікті қолдау, АЭА үшін инвестициялық жеңілдіктерді саралап ұсыну, мемлекеттің экономикаға қатысуын төмендету;

- ауыл шаруашылығын дамыту;

- автомобиль жолдары құрылысының сапасын арттыру;

- медициналық қызметтердің сапасын арттыру;

- қандастардың қоныс аударуы, ішкі көші-қонды реттеу;

- мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және мемлекеттік саяси қызметшілердің дербес жауапкершілігін арттыру;

- мемлекеттік қызмет және жергілікті өзін-өзі басқару;

- сот жүйесін реформалау;

- отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату;

- қаңтар оқиғаларына қатысушыларға рақымшылық жасау.

ҚР Үкіметі әзірлеген

заң жобаларына ұсыныстар

бастамашылық

заң жобалары

заң жобаларының келіп түсуіне қарай

сессия барысында

П.О. Казанцев,

Е.Б.Саиров,

И.С. Унжакова,

Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағалары және/немесе хатшылары – Фракцияның мүшелері,

депутаттар – Фракция мүшелері

2.

Фракция депутаттарының бастамашыл заң жобалары бойынша жұмыс:

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (С.В.Имашева);

- «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (А.П. Рау, Е.В. Смышляева);

- «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған мұнай газы айналымының реинжинирингі мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (П.О. Казанцев, Е.В. Смышляева);

- «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (электросамокаттар қозғалысын реттеу, А.П. Рау, Е.В. Смышляева);

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Е.В. Смышляева, Ж.Ә. Омарбекова);

- «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Е.В. Смышляева);

- «Гидротехникалық мекемелердің қауіпсіздігі туралы» (Е.Т. Жаңбыршин, Е.Н. Абаканов);

- «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне отбасыларға кешенді көмек көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

(Д.Б. Закиева, Е.С. Бейсенбаев, Ә.М. Әбсеметова);

- «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Е.С. Бейсенбаев, Д.Б. Закиева).

Заңды қабылдау

сессия барысында

Е.В. Смышляева,

депутаттар – Фракция мүшелері

3.

Қазақстан Республикасының заң жобаларын талқылау бойынша дөңгелек үстелдерге қатысу:

- «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы»;

ұсыныстар

2022 жылғы қазан

М.Ә.Құсайынов,

депутаттар – Фракция мүшелері

- Қазақстан Республикасыныың Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы аясында «Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға жаңа тәсілдер туралы»

ұсыныстар

2022 жылғы қазан

Б.С. Оспанов,

депутаттар – Фракция мүшелері

- «Жылу энергетикасы саласындағы заңнамалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері»;

ұсыныстар

2022 жылғы желтоқсан

С.Ж.Нақпаев,

депутаттар – Фракция мүшелері

- «Жетім балалар жоқ Қазақстан: проблемалар және оларды шешу жолдары»

ұсыныстар

2023 жылғы қаңтар

Ж.Н.Нұрманбетова,

депутаттар – Фракция мүшелері

- «Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың жаңа тәсілдері туралы»

ұсыныстар

2023 жылғы ақпан

Ж.Н.Нұрманбетова,

депутаттар – Фракция мүшелері

- 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауының «Нақты секторды дамыту» реформаларының екінші бағыты бойынша іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Қала құрылысы кодексінің тұжырымдамасын талқылау»

ұсыныстар

2023 жылғы ақпан

А.П. Рау,

депутаттар – Фракция мүшелері

«Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді жан басына қаржыландыру тетігін іске асыру барысы туралы»

ұсыныстар

2023жылғы наурыз

Д.Н. Нұрманбетова,

депутаттар – Фракция мүшелері

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын іске асыру мақсатында «Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту туралы»

ұсыныстар

2023жылғы сәуір

Б.С. Оспанов,

депутаттар – Фракция мүшелері

«Қазақстан Республикасының Су кодексі жобасының негізгі ережелері»

ұсыныстар

2023 жылғы сәуір

С.Ж.Нақпаев,

депутаттар – Фракция мүшелері

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау

ұсыныстар

2023 жылғы сәуір

А.Т. Қожахметов,

депутаттар – Фракция мүшелері

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ «ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА

ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!» АТТЫ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ТИІМДІ ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІМЕН ЖӘНЕ «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАУ

4.

«AMANAT» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасының іске асыру барысын моиторингілеу және бақылау.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «AMANAT» партиясының Төрағасы,

Фракция Жетекшісі
Е.Ж.Қошановтың атына ақпарат

сессия барысында

П.О.Казанцев,

Е.В. Смышляева,

депутаттар – Фракция мүшелері,

Фракция Аппараты

ФРАКЦИЯНЫҢ ІС-ШАРАЛАРЫ

Фракцияның Жиналыстары

5.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Конституциялық Кеңеске «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарау жөніндегі өтініші туралы» мәселесі бойынша Фракция Жиналысы.

қаулы

2022 жылғы қыркүйек

П.О.Казанцев,

депутаттар – Фракция мүшелері,

Фракция Аппараты

6.

«Әділ салық салу және салық заңнамасының тұрақтылығы туралы» мәселе бойынша Фракция Жиналысы.

қаулы

2022 жылғы қазан

П.О.Казанцев,

М.Ә. Құсайынов

депутаттар – Фракция мүшелері,

Фракция Аппараты

7.

«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы туралы» мәселесі бойынша Фракция Жиналысы.

қаулы

2022жылғы қазан

П.О.Казанцев,

М.Ә.Құсайынов,

Фракция Аппараты

8.

«AMANAT» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асырудың2022 жылдың 9 айы ішіндегі қорытындысын шығару мақсатында ҚР Үкіметінің қатысуымен Фракцияның кеңейтілген Жиналысы.

қаулы

2022 жылғы қараша

П.О.Казанцев,

Е.В.Смышляева, депутаттар – Фракция мүшелері,

Фракция Аппараты

9.

«AMANAT» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асырудың2022 жыл қорытындысын шығару мақсатында ҚР Үкіметінің қатысуымен Фракцияның кеңейтілген Жиналысы.

қаулы

2023 жылғы сәуір

П.О.Казанцев,

Е.В.Смышляева, депутаттар – Фракция мүшелері,

Фракция Аппараты

10.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы Фракциясы қызметінің өзекті мәселелері бойынша Жиналыстар.

қаулы

сессия барысында жеке кесте бойынша

П.О.Казанцев,

депутаттар – Фракция мүшелері,

Фракция Аппараты

Фракция Төралқасының отырыстары

11.

Фракция қызметінің ағымдағы мәселелері бойынша Фракция Төралқасының отырысы.

хаттама

апта сайын, дүйсенбі күндері

П.О.Казанцев,

Е.Б.Саиров,

И.С.Унжакова,

Фракция Аппараты

БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИІМДІ ЖҰМСАЛУЫН ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚОР ҚАРАЖАТЫНЫҢ
ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН БАҚЫЛАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

12.

«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын қарау.

түзетулер

2022 жылғы қыркүйек-қазан

М.Ә.Құсайынов

Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағалары және/немесе хатшылары – Фракция мүшелері,

депутаттар – Фракция мүшелері

13.

Жоғары аудиторлық Палата Төрағасының 2022 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін қарау.

ұсыныстар

2023 жылғы

сәуір-мамыр

М.Ә.Құсайынов

Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағалары және/немесе хатшылары – Фракция мүшелері,

депутаттар – Фракция мүшелері

БАРЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ТОПТАРМЕН КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТУ

14.

Депутаттар – Фракция мүшелерінің «Депутатқа өтініш» онлайн-қабылдау, ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми сайты және әлеуметтік желілер арқылы сайлаушылармен жүйелі жұмысын ұйымдастыру.

өтініштерді қабылдау,

өтініш берушіге ақпарат беру

тұрақты түрде

П.О.Казанцев,

И.С.Унжакова,

депутаттар – Фракция мүшелері

15.

Депутаттар – Фракция мүшелеріне ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми сайтында онлайн – қабылдау арқылы және танымал әлеуметтік желілерде жүгіну мүмкіндігі бар сайлаушылармен жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру (форматы, күні, орны, алаңдары және т.б.).

әлеуметтік желілердегі хабарлар

тұрақты түрде

П.О.Казанцев,

И.С.Унжакова,

депутаттар – Фракция мүшелері,

Фракция Аппараты

16.

Депутаттарды нақты өңірлерге бекітуді ескере отырып, өңірлердегі көшпелі жұмыстарын ұйымдастыру.

депутаттар – Фракция мүшелерінің

өңірлерге шығу кестесі

сессия барысында

П.О.Казанцев,

Е.Б.Саиров,

Фракция Аппараты

17.

Жоспарлы өңірлерге шығу аясында депутаттардың кездесулері кезінде сайлаушылар көтерген проблемалық мәселелерді жинақтау және жүйелендіру бойынша жұмысты ұйымдастыру.

бекітілген форма бойынша есеп

өңірлерге шығу аяқталғаннан кейін үш күн ішінде

Фракция Аппараты (жинақтау),

депутаттар – Фракция мүшелері

18.

Жоспарлы өңірлерге шығу аясында депутаттардың кездесулер кезінде сайлаушылар көтерген жүйелі проблемаларын талдау.

ҚР Премьер-Министрі атына хат,

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «AMANAT» партиясының Төрағасы,

Фракция Жетекшісі
Е.Ж.Қошановтың атына ақпарат

өңірлерге кезекті шығу аяқталғаннан кейін 20 күн ішінде

П.О.Казанцев,

Е.Б.Саиров,

И.С.Унжакова,

депутаттар – Фракция мүшелері,

Фракция Аппараты

19.

Депутаттармен кездесу барысында сайлаушылар көтерген жүйелі мәселелерін атқарушы билік органдарының шешу барысын мониторингілеу.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «AMANAT» партиясының Төрағасы,

Фракция Жетекшісі
Е.Ж.Қошановтың атына ақпарат, депутаттық сауалдар, БАҚ және әлеуметтік медиада ақпарат

тұрақты түрде

П.О.Казанцев,

Е.Б.Саиров,

И.С.Унжакова,

Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағалары және/немесе хатшылары – Фракцияның мүшелері,

депутаттар – Фракция мүшелері

20.

Бекітілген кестеге сәйкес депутаттар – Фракция мүшелерінің партияның Республикалық қоғамдық қабылдауындағы жұмысын ұйымдастыру және бақылау

азаматтарды қабылдау

сессия барысында, жеке кесте бойынша

П.О.Казанцев,

Е.Б.Саиров,

И.С.Унжакова,

депутаттар – Фракция мүшелері,

Фракция Аппараты

21.

«AMANAT» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйекте сессияның ашылуында алға қойған міндеттерін іске асыру барысы туралы Парламент Мәжілісінің депутаттары – Фракция мүшелері үшін ақпараттық-анықтамалық және талдамалық материалдар дайындау

ақпараттық-анықтамалық және талдамалық материалдар

депутаттардың өңірге шығуына орай

П.О.Казанцев,

Е.В. Смышляева,

Фракция Аппараты

АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ

22.

«AMANAT» партиясының Саяси платформасын іске асыру, «AMANAT» партиясының
2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру бойынша Фракцияның мониторингі және бақылауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйекте сессияның ашылуында алға қойған міндеттерді іске асыру
бойынша депутаттар – Фракция мүшелерінің ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысуын ұйымдастыру

БАҚ-та сөз сөйлеу, әлеуметтік желілерде жазбалар

сессия барысында

И.С.Унжакова (сайланым),

депутаттар – Фракция мүшелері,

Фракция Аппараты

23.

Өтініштер мен өңірлердегі кездесулер барысында сайлаушылар көтеретін проблемалардың депутаттар – Фракция мүшелерініңқатысуымен оң шешім тапқанын жедел жариялауды ұйымдастыру

БАҚ-та және әлеуметтік желілерде хабарлар

сессия барысында

П.О.Казанцев,

И.С.Унжакова,

депутаттар – Фракция мүшелері,

Фракция Аппараты

24.

«AMANAT» партиясы жанындағы Қоғамдық кеңестердің қызметінде елдегі саяси реформалар мен әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың негізгі бағыттарын талқылау бойыншадепутаттар – Фракция мүшелерініңжұмысын бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жариялануын ұйымдастыру.

БАҚ-та және әлеуметтік желілерде хабарлар

сессия барысында

П.О.Казанцев,

И.С.Унжакова,

депутаттар – Фракция мүшелері,

Фракция Аппараты