Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
24.04.2019

Аграрлық мәселелер комитетінің «Суармалы жерлерді тиімді пайдаланудың өзекті мәселелері» тақырыбында Түркістан облысында өткізілген көшпелі отырысы (парламенттік тыңдауға дайындық шеңберінде).


Көшпелі отырыстың негізгі мақсаты – өңірлердегі суармалы жерлерді пайдалану саласындағы ахуалмен, проблемалармен және өзекті мәселелермен практикалық түрде танысу.

Іс-шараны өткізу барысында суармалы жерлерді дамыту бағдарламаларын іске асырудың, тиісті инфрақұрылым құрылысының мәселелері және өңірлік деңгейдегі өзге де мәселелер талқыланды.