Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
18.04.2019

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру қолжетімділігін арттырудың проблемалық мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел (парламенттік тыңдауға дайындық шеңберінде).


Бүгін Парламент Мәжілісінде АӨК субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланатын дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шараны өткізу барысында АӨК субъектілерін қаржыландырудың проблемалық мәселелері, өтімді кепілдіктердің және айналым қаражатының жетіспеушілігі, ауыл шаруашылығы өндірісінің тәуекелдері және табиғи-климаттық жағдайларға тәуелділік, өтеу мерзімдерінің ұзақтығы және ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобалар табыстылығының төмендігі, кредиттер мен лизинг бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелер сияқты мәселелер көтерілді.

Дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді.