Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
27.11.2018

«Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел (парламенттік тыңдауға дайындық шеңберінде).


Бүгін Парламент Мәжілісінде дөңгелек үстел отырысы өтіп, оның барысында елдің эпизоотиялық және фитосанитарлық жай-күйінің өзекті мәселелері талқыланды.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы күреске және өсімдіктерді аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерден қорғау жөніндегі іс-шаралардың тиімділігіне қатысты проблемалар, «фермадан үстелге дейін» қағидаты бойынша өнімді бақылау үшін ауыл шаруашылығы жануарларын объективті есепке алу мәселелері де көтерілді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, елдің ветеринариялық және фитосанитариялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылдады.